Алматыда орын алған оқыс жағдай жұртшылықты дүр сілкіндірді. 3 қыркүйек күні самокат айдаған ер адам көшеде кетіп бара жатқан жаяу жүргіншіге шабуыл жасап, оның көзіне үшкір зат сұғып жіберген. Қаскөй оқиға орнынан бой тасалағанымен, көп ұзамай полиция қызметкерлерінің қолына түсті.
Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Күдікті ұсталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары қолға алынды. Виновный заң аясында жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады департамент өкілдері.
Жәбірленушінің адвокатының мәліметінше, азамат көзінен айырылып, қымбат тұратын ем-домды өз қаражатына қабылдауда. Алайда оның қазіргі жағдайы жайлы нақты дерек жарияланған жоқ.

