• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 10 сентября, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
«ДАЛА КҮНІ – 2025»: ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ

«ДАЛА КҮНІ – 2025»: ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ

10.09.2025
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
2
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін қазалылық диқандар егінге орақ салды. Қызу еңбекті алғаш болып Ақтан батыр ауылындағы «Береке» шаруа қожалығының шаруалары бастады. Диқандардың ендігі мақсаты ауа райының қолайлы шағында ел ырысына айналған күріш дақылын ысырапсыз жинап алу. Әрине, бұған адам күші мен арнайы техникаларда әзір.

«Береке» шаруа қожалығының егіс алқабында өткен орақ салу рәсіміне аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев пен аудандағы зиялы қауым өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалықтардың жетекшілері қатысты.

Егінге орақ салу рәсімі басталмас бұрын Жалғас Оңғарұлы еңбеккерлерді егінге орақ түсуімен құттықтап, атқарылған жұмыстарды атап өтті.

«Бұл – диқандардың еккен бір дәні мың дән болатын, халықтың ризық- несібесін қамбасына құятын жауапты да салтанатты шағы. Биыл аудан бойынша 17 мың 445 гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, оның ішінде күріштің көлемі
5636 гектарды құрады. Соңғы жылдары орын алған су тапшылығы әсерін аудан дихандары қатты сезініп келеді. Биылғы жылы вегетациялық кезең өте күрделі жағдайда өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су тапшылығы жағдайында Үкімет резервінен жылжымалы дизельді насос алуға қаржы бөлініп, насостар ауданымызға жеткізіліп, шаруалар игілігіне пайдаланды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан еліміздің барлық өңірлерінен арнайы қызметкерлер келіп, 2 ай бойы су шаруашылықтардың егін алқаптарында шаруалардың игілігі үшін уақытпен санаспай жұмыс атқарды. Нәтижесінде, қиындықтарға қарамастан егіс көлемін барынша шығынсыз алып қалуға қол жеткіздік. Осы сәтте, Президентімізге, Үкімет басшысына, Ауылшаруашылығы, Төтенше жағдайлар министрліктеріне және аймақ басшысына көрсетілген барлық қолдаулар үшін шынайы ризашылығымызды жеткіземіз. Баршаңыздың еңбектеріңізге сәттілік тілеймін, қамба астыққа толсын, қырмандарыңыз таси берсін!, — деді Жалғас Оңғарұлы.

Дала төсінде өткен жиында ала жаздай маңдайы күнге, табаны құмға күйген мәртебелі еңбек адамдары марапат төрінен көрінді. Мұнан соң ауыл шаруашылығы саласының ардагері, «Жалаңтөс» ЖШС директоры Қасқырбай Әлімбай ақ батасын беріп, егін орағының лентасы салтанатты түрде қиылды. Мұнан соң «дала кемесі» атанған комбайндар өз жұмыстарын бастап кетті.

Күрішке орақ салу рәсімі мұнан кейін жылдағы дәстүрге сай аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаевтың төрағалығымен «Дала күні» мәжілісіне жалғасты.

Жиында аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов күріш жинауға дайындық туралы баяндап берсе, егінді суармалы сумен қамтамасыз ету, су ақысы төлемдерінің барысы және су жолдарына жасалатын жөндеу жұмыстарына байланысты «Қазалысушар» өндірістік учаскесі басшысының орынбасары Жанбай Садық айтып берді.

Мәжілісті қорытындылаған Жалғас Оңғарұлы жаздың шіліңгір ыстығына қарамастан нәтижелі жұмыс жасаған дихандардың еңбегіне тоқталды. Сонымен қатар алдағы міндет ел ризығын шашпай-төкпей, жауын-шашынға ұрындырмай егінді жинап алу керектігін жеткізді.

Осыған сәйкес егілген егінді ысырапсыз мерзімінде жинап алу үшін аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов және ауыл әкімдері мен шаруашылық басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімі бастығы Асылбай Аңсатовқа егістікке түсіп, қараусыз, бағусыз жүрген малдардың иелеріне айыппұлдар салуды тапсырды.

Алдыңғы пост

Парламент мінбері – құттықтау алаңы ма, әлде заң шығару орны ма?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «ДАЛА КҮНІ – 2025»: ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ
  • Парламент мінбері – құттықтау алаңы ма, әлде заң шығару орны ма?
  • Ресейге кіретін қазақстандықтарға жаңа шектеулер енгізілді
  • Аутизм көбейіп кетті, емделмесе өлтіру керек деп жазба қалдырған блогерге қылмыстық іс қозғалды
  • Алматыда самокатшы жаяу жүргіншіні көзінен айырды

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

«ДАЛА КҮНІ – 2025»: ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ

Парламент мінбері – құттықтау алаңы ма, әлде заң шығару орны ма?

Ресейге кіретін қазақстандықтарға жаңа шектеулер енгізілді

Аутизм көбейіп кетті, емделмесе өлтіру керек деп жазба қалдырған блогерге қылмыстық іс қозғалды

Алматыда самокатшы жаяу жүргіншіні көзінен айырды

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНАН ТУЫНДАҒАН ТАПСЫРМАЛАР САПАЛЫ ОРЫНДАУЛЫ ТИІС

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі