Қызылорда қаласында өткен «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңі рухани тағылымға толы мерекелік шараға айналды. Отбасы құндылығын дәріптеуді мақсат тұтқан дәстүрлі додада түрлі салада ерен еңбегімен елге танылған әулеттер бақ сынады. Осы орайда, қазалылық Құмарбаевтар әулеті «Жігерлі отбасы» номинациясын иеленіп, көптің ыстық ықыласына бөленді.
Құмарбаевтар әулеті – ұрпақ тәрбиесі мен рухани байлықты өмірінің темірқазығына айналдырған өнегелі шаңырақ. Әулеттің тірегі Берекет ағай мен Мариям апайдың есімі қазалылықтар үшін қашанда қастерлі. Өйткені олар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге арнап, шәкірт жүрегіне шамшырақ болып жағылды.
Берекет Құмарбаев талай жыл аудандық спорт мектебінің тізгінін ұстап, жас буынды салауатты өмір салтына баулыды. Оның шәкірттері тек спортта ғана емес, өмірдің түрлі белесінде табысқа жетіп, ұстаз еңбегінің жемісін көрсетіп келеді. Еңбегі еленіп, ол Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері атағына ие болған.
Ал Мариям апай – нәзік жүрегімен, мейірім шуағымен сансыз шәкіртін баулыған ұлағатты ұстаз. 40 жылдан астам уақыт бойы білім мен тәрбиені егіз өріп, жас буынға адами құндылықтарды дарытып келген ардақты педагог бүгінде де ел-жұрттың құрметіне бөленіп отыр.
Қос ардагер ұстаз бүгінде құрметті еңбек демалысында болса да, әлі күнге дейін елмен етене, шәкірттермен тығыз байланыста. Олардың өнегелі ғұмыры мен адал еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болып отыр. Құмарбаевтар шаңырағының ұлағаты – ең әуелі отбасындағы сыйластық пен бірлікте.
«Мерейлі отбасы – 2025» байқауында «Жігерлі отбасы» атануы – бұл әулеттің қажырлы еңбегіне берілген әділ баға. Олардың өмір жолы – жас ұрпақ үшін айнымас бағдар, отбасы құндылығының асыл үлгісі.
Құмарбаевтар әулеті осы марапатымен барша қазалылықтардың, жалпы Сыр жұртының қуанышына айналды. Бұл жетістік – отбасылық құндылықты дәріп