• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 12 ноября, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰҚЫҒЫ – ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰҚЫҒЫ – ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

19.09.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
13
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Дәурен Тлеумбетов жетекшілік етті.

Қоғамның өзекті мәселесі – жасөспірім тағдыры

Комиссия күн тәртібінде бүгінгі қоғамды алаңдатып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мәселесі қаралды. Сондай-ақ бұған дейінгі отырыстарда қозғалған тұрмыстық зорлық-зомбылық, жасөспірімдердің жыныстық қол сұғушылық қылмыстарының құрбанына айналуы, оларға көрсетілген құқықтық әрі психологиялық көмектердің нәтижелері де талқыланды.

Жиында аудандық көпбейінді орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сейілхан Артықбаев пен аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы Мархабат Бегалиева өз баяндамаларын жасап, жасөспірімдердің құқықтарын қорғауда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Комиссия төрағасы Дәурен Тлеумбетов бұл мәселенің қоғам үшін аса маңызды екендігін атап өтіп, жасөспірімдердің құқықтарын қорғауда әрбір мекеме мен ата-ананың жауапкершілігі жоғары болуы тиіс екенін жеткізді. Ол аудандық білім бөліміне нақты тапсырмалар беріп, оқу орындарында мамандардың қатысуымен семинар-тренингтер мен кездесулер ұйымдастыруды міндеттеді.

Бұл кездесулердің мақсаты – қыз бала тәрбиесі мен ерте жүктіліктің алдын алу, суицид пен зорлық-зомбылыққа жол бермеу, жасөспірімдердің психологиялық және әлеуметтік дамуына қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ ата-аналарды бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге үндеу.

Жиында бұған дейін комиссия қарауында болған жасөспірімдердің қазіргі жағдайы да сөз болды. Төраға комиссияда қаралған әрбір істің ұмыт қалмай, үнемі бақылауда болуы тиіс екенін ескертіп, балалар тағдырына бейжай қарамау – баршаға ортақ міндет екенін қадап айтты.

Жас ұрпақ – ел ертеңі. Олардың өмір жолына дұрыс бағыт сілтеп, құқықтарын қорғау – қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік. Комиссия отырысында айтылған ойлар мен қабылданған шешімдер жасөспірімдердің жарқын болашағына жол ашатын игі бастамаларға ұласары сөзсіз.

Алдыңғы пост

«Мерейлі отбасы – 2025»: Қазалылық Құмарбаевтар жеңіске жетті

Келесі пост

ҚЫЗЫЛОРДАДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Келесі пост
ҚЫЗЫЛОРДАДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Жекеменшік мектептердің 57%-ы заман талабына сай емес
  • Сыр жұрты Мемлекет басшысына алғысын жеткізді
  • ЗАҢ АЗАМАТТЫ ҚОРҒАУЫ ТИІС, БАНКТІ ЕМЕС
  • Дәрігерлердің қырағылығы бала өмірін сақтап қалды
  • Қазалыда «Қалқан – 2025» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуының қорытынды шарасы өтті

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Жекеменшік мектептердің 57%-ы заман талабына сай емес

Сыр жұрты Мемлекет басшысына алғысын жеткізді

ЗАҢ АЗАМАТТЫ ҚОРҒАУЫ ТИІС, БАНКТІ ЕМЕС

Дәрігерлердің қырағылығы бала өмірін сақтап қалды

Қазалыда «Қалқан – 2025» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуының қорытынды шарасы өтті

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ – «АЛТЫН КҮЗ – 2025» ШАРАСЫНДА «ОЗАТ АУДАН» АТАНДЫ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі