Қызылорда қаласында бойжеткен қызды жүйелі түрде аңдып, мазалаған ер адам ұсталып, қамауға алынды.
Жәбірленушінің айтуынша, өгей әкесі оның тыныштығын бұзып, соңынан қалмаған. Арыз түскеннен кейін полиция жедел шаралар қабылдап, күдіктіні қолға түсірді. Қылмыстық іс тәулік ішінде сотқа жолданды.
Жыл басынан бері облыс аумағында әйелдерге қатысты сталкингтің 6 дерегі тіркеліп, жолы кесілген. Барлық жағдайда күдіктілер жәбірленушілермен бұрын таныс болған.
Көп жағдайда қарым-қатынас тоқтатылғанына қарамастан, қудалау жалғасқан:
түрлі нөмірлерден қоңырау шалу
мазмұнды хабарламалар жазу
үйі мен жұмыс орнына бару
әлеуметтік желілер арқылы мазалау
Жәбірленушілер байланысын толық үзгеніне, бұғаттағанына және кездесуден бас тартқанына қарамастан, заңсыз әрекеттер тоқтамаған. Полиция мұндай әрекеттер үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Егер сіз немесе жақындарыңыз қудалауға тап болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
