• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Понедельник, 14 сентября, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Қызылордада «AMANAT:TULGALAR» жобасы басталды: алғашқы кездесу Сайлаубай Әбішұлымен өтті

Қызылордада «AMANAT:TULGALAR» жобасы басталды: алғашқы кездесу Сайлаубай Әбішұлымен өтті

17.04.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
15
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қызылордада «AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған «AMANAT:TULGALAR» атты жаңа жоба аясында алғашқы тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Жобаның алғашқы қонағы – ел дамуына сүбелі үлес қосқан қоғам қайраткері, партия ардагері Сайлаубай Әбішұлы болды.
Іс-шара партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде өткізіліп, аға буын өкілдерінің өмірлік жолын жастарға үлгі ету, еңбек тәжірибесін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында Сайлаубай Әбішұлының саналы ғұмыры, елге сіңірген еңбегі, түрлі саладағы қызмет жолы туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.
Жиынға қатысушылар ардагерге өз сауалдарын қойып, елдік мәселелер, еңбек адамының қадірі, ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдық жауапкершілік төңірегінде пікір алмасты. Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.


Сайлаубай Әбішұлы 1946 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған ол кейін комсомол, партия органдары, ауыл шаруашылығы, мәдениет салалары мен мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдар атқарған. Ұзақ жылдар бойы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси өмірінің жандануына белсенді үлес қосып, ел игілігі жолында аянбай еңбек етті.
Бүгінде де қоғамдық кеңестер аясында белсенді жұмыс жүргізіп, жастарға ақыл-кеңесін айтып, тәлімгерлік бағытта қызмет етіп келеді. Ол – Қызылорда қаласы мен Арал ауданының Құрметті азаматы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласының «Құрметті ардагері», «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ардагері», «Қазақстан Республикасының Алтын жұлдызы» төсбелгісінің иегері.
Биыл ардақты азаматтың 80 жылдық мерейтойы облыс көлемінде кең көлемде аталып өтуде. Кездесу барысында мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, «AMANAT» партиясы Атқарушы хатшысының арнайы құттықтауы табысталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «AMANAT:TULGALAR» жобасы түрлі салада табысқа жеткен тұлғалардың, оның ішінде партия мүшелерінің өмір жолын, кәсіби тәжірибесін және ел дамуына қосқан үлесін кеңінен танытуға бағытталған.
Жоба алдағы уақытта тоқсан сайын тұрақты түрде өткізіліп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өмірлік тәжірибені жас буынға жеткізуге арналған маңызды алаңға айналмақ.

Алдыңғы пост

Қазалыда оқушылар қауіпсіздігі мен құқықтық тәрбие мәселесі қаралды

Келесі пост

«AMANAT» партиясы депутаттары Қызылордадағы құрылыс алаңдарын аралады.

Келесі пост
«AMANAT» партиясы депутаттары Қызылордадағы құрылыс алаңдарын аралады.

«AMANAT» партиясы депутаттары Қызылордадағы құрылыс алаңдарын аралады.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

14 + three =

Соңғы жаңалықтар

  • Алтын адамның киімін қалпына келтірген этнодизайнер Астанада шаштараз болып жұмыс істеп жүр
  • Денсаулық сақтау министрі өз ағзаларын донорлыққа беруге рұқсат етті
  • Нұрлыбек Нәлібаев Roca Group өкілдерімен Қызылордадағы зауыт жобасын талқылады
  • «Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек»: Қарағандылық мұғалімнің жазбасы дауға қалды
  • ҚМДБ Білім министрлігінің орамал саясатына қарсы шықты: «Діни үкім өзгермейді»

Соңғы пікірлер

  1. Нурсулу Темирбаева к Медицина қызметкері – адам өмірінің арашасы
  2. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  3. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  4. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Алтын адамның киімін қалпына келтірген этнодизайнер Астанада шаштараз болып жұмыс істеп жүр

Денсаулық сақтау министрі өз ағзаларын донорлыққа беруге рұқсат етті

Нұрлыбек Нәлібаев Roca Group өкілдерімен Қызылордадағы зауыт жобасын талқылады

«Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек»: Қарағандылық мұғалімнің жазбасы дауға қалды

ҚМДБ Білім министрлігінің орамал саясатына қарсы шықты: «Діни үкім өзгермейді»

«Шариғатта алимент жоқ»: науқас баланың әкесі сот шешімін орындаудан бас тартқан

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі