• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 17 мая, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ 600 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ 600 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

17.05.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетовтің, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының қатысуымен сол жағалаудағы 10 тұрғын үй кешенінің 600 пәтерін иелеріне табыстау рәсімі өтті. Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауы – кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дамыған аумақ. Мұнда әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй саны жыл өткен сайын артып келеді. Осы аумақта заманауи урбанистикалық шешімдер негізінде жайлы әрі қолайлы инфрақұрылым қалыптасып үлгерді.


Бүгінде сол жағалауда 169 нысан бар, 136 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, мыңдаған отбасы баспаналы болды. Халыққа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 20 әлеуметтік және 13 бизнес нысаны жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта мұнда 47 құрылыс салынып жатыр. Оның 25-і –көпқабатты тұрғын үй, 20-сы –кәсіпкерлік нысан, бір аурухана және бір емхана. Тұрғындардың қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында Иса Тоқтыбаев көшесінен сол жағалауға өтетін төрт жолақты жаңа автомобиль көпірін салу жоспарланған.
Жаңа шағын аудан тұрғындарының саны 25 мыңнан асты, мектеп, балабақша, сауда орындары халық сұранысына сай қызмет көрсетеді. Қоғамдық көлік үздіксіз қатынайды. Бүгін кілті тапсырылған жаңа үйлердің тұрғындары да сол жағалаулықтар қатарын толықтырды.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген аймақ басшысы кейінгі жылдардағы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жобаларды атап өтті.


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» деген болатын. Бүгін тұрғын үй кезегінде тұрған жерлестерімізге жалпы аумағы 33 мың шаршы метрден асатын 600 пәтердің кілтін табыстап отырмыз.
Тұрғын үй кешенінің аумағында екі футбол, төрт спорт және ойын алаңы, тынығу аймағы, 250 орындық автотұрақ және үш коммерциялық нысан орналасқан. Алдағы уақытта да шаһар келбетіне сән беретін заманауи тұрғын үйлер бой көтереді.
Меншікті баспана – тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімнің кепілі. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін», – деді Мұрат Ергешбаев.
Облыс әкімі бұл жобалардың аймақтағы құрылыс саласының әлеуетіне, құрылысшылардың кәсіби деңгейіне оң ықпал еткенін жеткізді.
Қызылордадағы тұрғын үй құрылысының қарқынын өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінен де, ай сайынғы осындай рәсімдер мен қоныстойлардан да байқауға болады. Бұл тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстарының бір жүйеге түскенін көрсетеді. Биылдың өзінде тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 2400 пәтер табыстау үшін бюджеттен 55 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Жиында Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетұлы сөз сөйлеп, ел ағасы Имамадин Зәкірұлы батасын берді. Тұрғын үйді сапалы етіп салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Алдыңғы пост

ҚЫЗЫЛОРДАДА “ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС” АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ 600 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА “ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС” АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
  • Бас Прокурор Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті.
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА «АЙБЫНЫ АСҚАҚ, АЙБАРЫ МЫҚТЫ АЗАТ ЕЛ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ 600 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА “ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС” АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бас Прокурор Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті.

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АЙБЫНЫ АСҚАҚ, АЙБАРЫ МЫҚТЫ АЗАТ ЕЛ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

САПА КЕРУЕНІ: АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТТАРЫ ӨНДІРІСТІ ҰЛҒАЙТТЫ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі