• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 28 мая, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Мәдениет
СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫ ЛЮКСЕМБУРГТЕ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ДӘРІПТЕДІ

СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫ ЛЮКСЕМБУРГТЕ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ДӘРІПТЕДІ

28.05.2026
айдар: Мәдениет
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
2
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Сыр өңірі өнер шеберлерінің Еуропадағы гастрольдік сапары аясында Люксембург Ұлы Герцогтігінде Қызылорда облыстық филармониясының концерті өтті. «Shanyraq Fest Luxembourg» мәдени бастамасы шеңберінде ұйымдастырылған кеште қазақ халқының бай музыкалық және фольклорлық мұрасы көрермен назарына ұсынылды.

Мәдени іс-шара Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі елшілігі, облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының және ERG қолдауымен ұйымдастырылды.
Өнер сапары осыдан бірнеше ай бұрын Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен жоспарланып, қаражаты шешілген болатын.
Концертке Люксембургтің мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, кәсіпкерлер, мәдениет саласының қызметкерлері, сондай-ақ осы елде тұратын қазақстандықтар мен студент жастар қатысты.

Кеште Қазақстанның Люксембургтегі елшісі Роман Василенко құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет пен өнердің халықтарды жақындастыратын маңызды рухани құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар мұндай бастамалар мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, халықтардың бір-бірінің тарихы мен дәстүрін тереңірек тануына ықпал ететінін жеткізді.

Мәдениет саласының үздігі Әзиза Іздіқұлова режиссерлік еткен концерттік бағдарламада Сыр өңірінің бай музыкалық мұрасы кеңінен насихатталып, ұлттық фольклор, күй өнері мен жыраулық дәстүр көрермен назарына ұсынылды. Өнерпаздар орындауындағы шығармалар арқылы Ұлы даланың рухы мен қазақ халқының мәдени ерекшелігі шетелдік көрерменге кеңінен таныстырылды.

Кеш қорытындысында өнерпаздар «Атамекен» әнін орындап, қазақ мәдени кешінің әсерлі финалына айналдырды.

Алдыңғы пост

Қазалыда 15 мыңға жуық оқушы жазғы демалыспен қамтылады.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫ ЛЮКСЕМБУРГТЕ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ДӘРІПТЕДІ
  • Қазалыда 15 мыңға жуық оқушы жазғы демалыспен қамтылады.
  • ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
  • ПАРИЖ КӨРЕРМЕНДЕРІНЕ СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ҰСЫНЫЛДЫ

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫ ЛЮКСЕМБУРГТЕ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ДӘРІПТЕДІ

Қазалыда 15 мыңға жуық оқушы жазғы демалыспен қамтылады.

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

ПАРИЖ КӨРЕРМЕНДЕРІНЕ СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ҰСЫНЫЛДЫ

Қазалыда қауіпсіз қоғам мәселесі талқыланды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі