Жаңа қағидаларға сәйкес тұрғындар мен кәсіпкерлер өздеріне тиесілі нысанға іргелес жатқан кемінде 5 метр аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен қатар:
қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастау;
автокөліктерді көгалдар мен балалар ойын алаңдарына қоймау;
үй жануарларының қалдықтарын жинап тазалау;
құрылыс қалдықтарын тек белгіленген орындарға шығару талап етіледі.
Абаттандыру қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Құқық бұзушыларға ескерту жасалуы немесе айыппұл салынуы мүмкін.
