• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 9 июля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
* Қоғам тұрақтылығы – заң мен тәртіптен басталады

* Қоғам тұрақтылығы – заң мен тәртіптен басталады

09.07.2026
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

 

Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылық сақталып, қылмыс деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға төмендеген. Профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, есепте тұрған 1500-ден астам азаматпен мобильді топтар жұмыс жүргізген. Соның нәтижесінде аса ауыр қылмыстар, ұрлық, мал ұрлығы, бұзақылық және қорқытып алу деректері айтарлықтай азайған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров баяндады.
«Қылмыстың алдын алу прокуратура қызметінің негізгі басымдығы. Біз тек құқық бұзушылықты ашуға емес, оның орын алуына жол бермеуге басымдық беріп отырмыз. Осы бағыттағы кешенді шаралардың нәтижесінде өңірдегі қылмыстық ахуал тұрақталып келеді. Прокурорлар заңсыз шешімдерге жол бермей, 38 процессуалдық шешімді келісуден бас тартқан, 14 азамат уақытша ұстау изоляторынан босатылған. Тергеу сапасын арттыру үшін мыңнан астам нұсқау беріліп, заң бұзушылықтарға жол берген 310 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деді облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы.
Сонымен қатар өңірде цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда. «IT TERGEU», «Смарт браслет», «Киберволонтер», «Қылмыссыз өңір» жобалары іске асырылып, қылмыстық процесті цифрландыруға арналған «TERGEU PRO» жүйесін енгізу қолға алынған.
Прокурор интернет-алаяқтыққа қатысты заңнамалық өзгерістерге де тоқталды. Дроперлік қызмет үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгеннен кейін облыста 16 адамға қатысты айыптау үкімі шыққанын айтып, тұрғындарды өздерінің банктік деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.
Есепті кезеңде прокуратура органдары 28 тексеріс жүргізіп, 266 мыңнан астам азаматтың, 5700-ден астам кәсіпкердің және 56 мыңнан астам кәмелетке толмағанның құқықтарын қорғаған. «Таза Қазақстан» акциясы аясында заңсыз қоқыс орындары жойылып, қоғамдық орындарды ластаған азаматтар жауапкершілікке тартылған.
«Прокуратураның басты міндеті заң үстемдігін қамтамасыз етіп, әр азаматтың құқығын қорғау. Алдағы уақытта да қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, кәсіпкерлер мен тұрғындардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады, – деді Ризабек Ожаров.
Сондай-ақ облыс прокуроры тұрғындарды прокуратура құзыретіне қатысты мәселелер бойынша әр аптаның сейсенбі күні жеке қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Алдыңғы пост

Қазалыда ауқымды жұмыстар қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • * Қоғам тұрақтылығы – заң мен тәртіптен басталады
  • Қазалыда ауқымды жұмыстар қарқын алды
  • 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда абаттандырудың жаңа қағидалары күшіне енді
  • МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
  • Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы конституциялық деңгейде бекітілді

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

* Қоғам тұрақтылығы – заң мен тәртіптен басталады

Қазалыда ауқымды жұмыстар қарқын алды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда абаттандырудың жаңа қағидалары күшіне енді

МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы конституциялық деңгейде бекітілді

Заңдылық пен тәртіп – полиция қызметінің басты қағидаты

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі