Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдарға кешенді тексеру жүргізбек. Министрдің тапсырмасына сәйкес, тексеру жұмыстары 15 тамызға дейін аяқталуы тиіс.
Бақылау шаралары республика бойынша босандыру қызметін көрсететін 69 медициналық ұйымды қамтиды.
Тексеру барысында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары медициналық мекемелерде инфекциялық қауіпсіздік талаптарының қаншалықты сақталатынын бағалайды. Негізгі назар босанатын әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.
Аталған тексерулер Алматы облысында үшемнің шетінеп кетуіне қатысты жағдайдан кейін қолға алынып отыр.

