• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 26 июля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
«Балмұздақ алып беремін»: Атырауда екі бүлдіршінді ертіп кеткен ер адам ұсталды

«Балмұздақ алып беремін»: Атырауда екі бүлдіршінді ертіп кеткен ер адам ұсталды

26.07.2026
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
7
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

 

Атырау облысы Исатай ауданына қарасты Тұщықұдық ауылында жоғалып кеткен үш және төрт жастағы екі бала бірнеше сағатқа созылған іздестіру жұмыстарынан кейін аман-есен табылды.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқиға 17 шілде күні кешкі мезгілде болған. Балалардың қайда кеткені белгісіз болғаннан кейін тиісті қызметтерге хабар беріліп, іздеу шаралары ұйымдастырылған. Оған полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар саласының мамандары және жергілікті тұрғындар қатысқан.
Бастапқы деректерде балалардың ауылда тұратын 25 жастағы азаматпен бірге кеткені айтылады. Куәгерлердің сөзінше, ер адам бүлдіршіндерге балмұздақ әперетінін айтып, өзімен бірге ертіп кеткен.
Жедел жүргізілген іздестіру нәтижесінде шамамен үш сағаттан соң екі бала да табылды. Олардың аман екені белгілі болды. Балалармен бірге болған азамат ұсталып, мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілген.
Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде ұсталған азаматтың психикалық денсаулығына қатысты түрлі ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми органдар тарапынан расталған жоқ.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдардың ресми қорытындысы шықпайынша, әлеуметтік желілерде тараған расталмаған ақпаратқа сақтықпен қараған жөн.

Алдыңғы пост

«Алаяқтарға сенген Қостанай тұрғыны 15 млн теңгесінен айырыла жаздады».

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «Балмұздақ алып беремін»: Атырауда екі бүлдіршінді ертіп кеткен ер адам ұсталды
  • «Алаяқтарға сенген Қостанай тұрғыны 15 млн теңгесінен айырыла жаздады».
  • Тоқаев Ресей–Украина қақтығысын тоқтатып, келіссөздерді қайта бастауды ұсынды
  • «Ғалымдар дабыл қақты: Арал теңізі әлемдік климатқа қауіп төндіріп отыр»
  • Баға тағы қымбаттай ма?

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

«Балмұздақ алып беремін»: Атырауда екі бүлдіршінді ертіп кеткен ер адам ұсталды

«Алаяқтарға сенген Қостанай тұрғыны 15 млн теңгесінен айырыла жаздады».

Тоқаев Ресей–Украина қақтығысын тоқтатып, келіссөздерді қайта бастауды ұсынды

«Ғалымдар дабыл қақты: Арал теңізі әлемдік климатқа қауіп төндіріп отыр»

Баға тағы қымбаттай ма?

Түркістан облысында екі жасар бала әжетхана шұңқырына құлап, қайтыс болды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі