Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназар қайтыс болған жағдайда ағза мүшелерін трансплантация мақсатында пайдалануға келісім бергенін жариялады.
Министр бұл туралы Instagram парақшасында жазып, донорлық тақырыбын қоғамда ашық талқылаудың маңыздылығына тоқталды.
Оның пікірінше, донор болу туралы шешім белгілі бір мамандық иелеріне ғана қатысты емес. Кез келген адам өмірінің бір сәтінде өзі немесе жақыны үшін осындай маңызды таңдау жасауға тап болуы мүмкін.
Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа беруге келісім білдірген азаматтардың қатары артып келеді. Қазір eGov арқылы донор болуға рұқсат бергендердің саны шамамен 184 мың адамға жеткен.
Сонымен қатар елімізде трансплантацияға мұқтаж 4 867 науқас бар.
Мамандардың дерегінше, донорлық ағзаларға қажеттілік жоғары болып отыр. Сондықтан қоғамда трансплантация мен ағза донорлығы мәселесін ашық талқылау өзекті болып қала береді.
