Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 9 әскери қызметші қаза тапқан.
24 қыркүйек күні Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілерді теңіз суы алып кеткен.
Алдын ала ақпарат бойынша, 19 әскери қызметші теңізге кеткен. Олардың 9-ы қаза тапқан. Үш әскери қызметші құтқарылып, олардың біреуі медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта қалған әскери қызметшілерді іздестіру және құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің комиссиясы оқиға орнына жіберілген.
Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты қосымша ақпараттың ресми түрде берілетінін хабарлады.
