Алматы қаласының Түрксіб ауданында «Алматы – таза ауа» экологиялық акциясы аясында қоғамдық тамақтану және сауда нысандарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, «Eco Almaty» ЖШС мамандары кафе, кәуапхана, дүкен және өзге де кәсіпкерлік нысандарын аралап, атмосфералық ауаны қорғауға қатысты талаптарды түсіндірді.
Атап айтқанда, кәсіпкерлерге көмір мен отынның орнына газ немесе электр қуатымен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану, мангалдарды экологиялық талаптарға сәйкестендіру және ауаны тазарту жүйелерін қолдану қажеттігі ескертілді.
Аталған шара қаладағы ауа сапасын жақсартуға, зиянды шығарындыларды азайтуға және кәсіпкерлік нысандардың экологиялық талаптарды сақтауына бағытталған.
