• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
9 миллион теңге: бүйрегін сатпақ болған атыраулықтың соты басталды

9 миллион теңге: бүйрегін сатпақ болған атыраулықтың соты басталды

13.01.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
15
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүйрегін сатпақ болған атыраулықтың соты басталды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Өзінің бүйрегін сатып ақша таппақ болған Атырау тұрғыны сот алдында жауап берді.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, былтыр маусым айында айыпталушы Telegram-дағы «Бүйрек доноры» атты арнада бүйрегін сататыны жөнінде хабарлама қалдырған. Бұл жазбаға Ақтөбе полицейлері делдал арқылы жауап берген.

«2024 жылдың 14 қыркүйегінде Орынбасаров Атырау қаласында өз бастамасымен құқық қорғау органдарымен жұмыс істеген ақтөбелік тұрғынмен байланысқа шыққан. Тараптар бүйректің құнына 9 млн теңге деп келіскен», – делінген хабарламада.

Орынбасаров 20 қыркүйек күні Ақтөбеге келіп, медициналық тексерістен өткен. Ал 25 қыркүйекте бүйректі сатып аламын деген адамнан 5 млн теңге алдын ала төлем алу сәтінде ұсталған.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, мұндай әрекетті қаржылық қиындық салдарынан жасағанын айтты.

«Менің қарыздарым болды. Ашуланған күйімде Telegram арнасына хабарлама жаздым да, арнадан бірден шығып кеттім. Басқа есім қолдандым. Қыркүйек айында маған хабарласып, анализ тапсыруды өтінді. Ақтөбеге барып, анализ тапсырдым. Маған ақша төледі, пәтер жалдады. 25 қыркүйекте ақша алып жатқан кезде ұсталдым. Біз 9 млн теңгеге келіскенбіз. Бір бөлігі операцияға дейін, қалғаны операциядан кейін берілуге тиіс еді. Ақшаны санамадым, тексерген жоқпын», – деді Орынбасаров.

Қазіргі уақытта ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Tags: 9бүйрексауда
Алдыңғы пост

Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы халықтан жылу жинап жатыр

Келесі пост

Алапат өрттен қаза тапқандар саны 24-ке жетті

Келесі пост

Алапат өрттен қаза тапқандар саны 24-ке жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі