Боранда мал бағуға шығып жоғалып кеткен бақташы табылды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында 7 қаңтар күні таңғы уақытта мал бағуға шыққан шаруа қожалығының бақташысы жоғалып кеткен.
Бұл туралы сол күні түнде ПД Жалағаш аудандық бөліміне хабар түседі. Оған дейін жұмыс беруші басқа қызметкерлерімен қосылып, өздері іздеген. Алайда олар таба алмай, полицияға барған.
Осылайша Жалағаш аудандық полиция бөліміндегі мамандар, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен ерік тілерден бірлесіп, бақташыны іздеген.
Ауданның барлық ауылы, далалық жолдарын түгел қамтыған іздестіру нәтижесінде түнгі 02:00 шамасында бақташы аман-есен табылды.
Қожалық иесі полиция бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне әлеуметтік желілер арқылы жүрекжарды лебізін жеткізді.