Депутат Аят Сүгірбай кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдарға қазақ руларының атауын беруге заң жүзінде тыйым салуды ұсынды. Ол осы мәселеге қатысты Әділет министріне депутаттық сауал жолдады.
Депутаттың мәліметінше, елімізде ру атауымен тіркелген 800-ге жуық ұйым бар.
Халық қалаулысы мұндай үрдістің қоғамда рушылдықты күшейтіп, ел бірлігіне кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті. Өйткені кәсіпорынның сапасыз өніміне немесе қызметіне айтылған сын тұтас бір рудың атына тиіп, руаралық араздыққа ұласуы ықтимал.
Бір кәсіпкердің қателігі үшін тұтас бір рудың атына неге сөз келуі керек?
Әзірге бұл депутаттың ұсынысы ғана. Заң жүзінде тыйым салу туралы шешім қабылданған жоқ.

