Енді экс-президенттердің жеке өмірі туралы ақпараттар құпия болады, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды. Өзгерту енгізу жөнінде 2024 жылы желтоқсанда парламент сенаты екі оқылымда мақұлдаған болатын. Одан кейін президентке қол қоюға жіберілген.
ҚР «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңына қосымша өзгеріс енгізілді.Оған ҚР президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ұйымдастыру, күштер, құралдар мен әдістер туралы, сондай-ақ президенттің денсаулық жағдайы мен жеке өміріне қатысты ақпараттар жатады. Бұдан былай осы заңға сәйкес, экс-президенттер мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты осындай мәліметтер де мемлекеттік құпия боп саналатын болды.