Қызылордада экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған түсіндіру кездесулері өтті.
Экстремизм — жеке адамға ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті құбылыс. Радикалды идеология адамдардың санасына әсер етіп, ел ішіндегі татулықты бұзуға, қоғамдық тұрақтылық пен мемлекет тұтастығына нұқсан келтіруге әкелуі мүмкін.
Осы қауіптің алдын алу мақсатында «Евразия» спорт кешенінің жаттықтырушылары мен облыстық №5 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлеріне арналған арнайы кездесулер ұйымдастырылды.
Жиын барысында мамандар экстремизм мен радикализмнің қоғамға тигізетін зардаптарын түсіндіріп, жат идеологияның ықпалынан сақтанудың маңыздылығына тоқталды.
Ел тыныштығын сақтау — тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Ал жат ағымның алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі — дұрыс ақпарат пен саналы тәрбие.

