• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
Екі апта ішінде 50 миллион теңгеге алданған

Екі апта ішінде 50 миллион теңгеге алданған

16.01.2025
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
8
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қостанай тұрғындары жыл басынан бері алаяқтарға 50 миллион теңгеге алданып қалған, деп хабарлайды kaztoday.kz.

ТОП-3 алаяқтық әдістер

1. Телефон арқылы алаяқтық:
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 48 дерегі тіркелген. Айта кету керек, мұндай оқиғалардың көбінде алаяқтар мессенджерлер арқылы қоңырау шалып, өздерін банк, полиция немесе прокуратура қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар тұрғындарға «сізге несие рәсімдеп жатыр» деген сылтаумен телефонға келген СМС-кодты айтып беруін немесе ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды сұрайды.

2. Интернет-дүкендер арқылы алаяқтық:
Алаяқтар жалған интернет-дүкендер «ашып», жоқ тауарларды сатылымға шығарады. Олар өз аудиториясына сенімділік тудыру үшін парақшаға жазылушыларды көбейтіп, оң пікірлермен және лайктармен толтырады. Сатып алушылармен хат алмасып, алдын ала төлем немесе бөліп төлеуді ұсынады.

3. Жалған инвестициялық жобалар:
Тұрғындар интернет арқылы табыс табу немесе инвестиция жасау мақсатында қомақты қаражат салады. Әлеуметтік желілерде инвестициялық жарнамаларды көріп, «ақшаңызды бірнеше есе көбейтеміз» деген уәдеге сенеді. Алаяқтар жалған «жеке кабинет» құрып, виртуалды түрде ақшаңызды көбейтіп көрсетеді. Ал «инвестицияны» шешіп алмақ болғанда, тағы да ақша төлеуді талап етеді. Осылайша шетсіз-шексіз құрдымға тарта жөнеледі.

Алаяқтарға 9 миллион теңге аударуға дайын болған

2024 жылдың желтоқсанында Қостанай қаласындағы банк қызметкерлері тұтынушыларының бірі алаяқтардың құрбаны болғанын анықтаған. 1962 жылы туған тұрғын WhatsApp арқылы басшысынан «ҰҚК қызметкерлері хабарласады» деген хабарлама алған. Ол алаяқтардың бұйрықтарын орындап, жалпы сомасы 3,5 миллион теңге несие рәсімдеп, 365 мың теңгені белгісіз шотқа аударған. Сондай-ақ, қосымша 9 миллион теңгені аударуға дайын отырған. Қуанышқа орай, полиция қызметкерлері оны уақытылы тоқтатып, несие мен депозитті сақтап қалған.

Банк қызметкері болып хабарласып, несие алғызған

2024 жылдың 14 қаңтарында тағы бір Қостанай тұрғыны 1,5 миллион теңгесінен айырылды. WhatsApp арқылы банк қауіпсіздік қызметкері болып хабарласқан алаяқтар «күдікті операциялар» туралы айтып, әйелді несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Ол ақшаны алып, алаяқтар көрсеткен шоттарға аударған.

«SIM-картаңыз бұғатталады» деп код сұрайды

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, бүгінде Қостанай облысында алаяқтар өзін ұялы байланыс операторлары ретінде таныстырып, ақша ұрлайтын болған. Яғни, тұрғындарға хабарласып, «SIM-картаңыз бұғатталады» деп айтады. Мерзімін создыру үшін телефоныңызға келген СМС-кодты айтып жіберуін сұрайды. Осылайша алаяқтар ұялы телефондағы мобильді банкке қол жеткізуді жиілеткен.

Tags: миллион
Алдыңғы пост

Ақтөбеде терактқа дайындық жасалған ба?

Келесі пост

49 шетелдікке заңсыз жолмен Қазақстан азаматтығын алып берген

Келесі пост
49 шетелдікке заңсыз жолмен Қазақстан азаматтығын алып берген

49 шетелдікке заңсыз жолмен Қазақстан азаматтығын алып берген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі