• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Облыс әкімі ұшақта адам өмірін құтқарған жігіттің оқу ақысын төлеп бермек

Облыс әкімі ұшақта адам өмірін құтқарған жігіттің оқу ақысын төлеп бермек

16.01.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
27
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу
Ұшақта жүрегі ұстап ауырған адамды құтқарған студенттің оқу ақысын облыс әкімі төлеп бермек, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Дінмұхаммед Бектұрған Қызылорда-Астана бағытындағы ұшақ бортында жүрегі ұстап, есінен танған адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, жолаушының өміріне араша түскен.
Оқиға желіде тез таралып, қоғамның ризашылығын тудырды. Кейін Дінмұхаммед Қызылорда облысы, Тасбөгет кентіндегі №11 мектептің түлегі екені белгілі болған. Бүгінде Астана Медицина университетінің ақылы бөлімінде білім алуда.
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Дінмұхаммедтің ата анасы Нұрболат және Ғалия Нұрсейітовтермен арнайы жүздесті.
Өңір басшысы Сыр халқының атынан алғыс білдірді.
«Дінмұхамед медициналық көмекке мұқтаж азаматқа дер кезінде алғашқы жәрдем көрсетіп, өмірін сақтап қалды. Оның уақыт оздырмай қабылдаған шешімі, сауатты іс-қимылы өзі сияқты медицина мамандығында білім алатын жастарға үлгі-өнеге болды.
Бұл арқылы Дінмұхамед өз мамандығын жақсы меңгергенін ғана емес, ата-анасынан, ұстаздарынан, аға буын әріптестерінен тағылымды тәрбие алғанын көрсетті.
Дінмұхамед секілді жас мамандар – еліміздің болашағы. Біз осындай азаматтарға әрдайым қолдау көрсетіп, ерлік ісін өскелең ұрпаққа үлгі етіп насихаттауымыз қажет.
Президентіміз тек жастардың ғана емес, өскелең ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздардың, қарапайым еңбек адамдарының өнегелі істерін әрдайым көпке үлгі етіп айтып келеді. Өз мамандығын жетік білуге талпынған, үздік оқитын, патриот азаматты тәрбиелеп өсірген сіздерге және ұстаздарға барша Сыр жұртшылығының, өзімнің атымнан зор ризашылығымды білдіремін», – деді Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев.
Дінмұхаммед Бектұрған жалпы медицина мамандығының интерні. Көктемде диплом алады. Жоспарда — резидентура оқу. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр жұртшылығының атынан алғыс ретінде резидентураның оқу ақысын төлеуге қолдау білдіретінін айтты.
Tags: оқу
Алдыңғы пост

Прокуратура: су тарифін белгілеу кезінде заңнама сақталмаған

Келесі пост

Өскеменде көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынды

Келесі пост
Өскеменде көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынды

Өскеменде көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі