Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов коммуналдық тарифтердің бағасы жөнінде пікірін айтты, деп хабарлайды Kaztuday.kz.
Депутат халықпен санаспай шешім шығара беретіндердің арты жақсы болмайтынын айтты.
— Біз бұны басында, ең төменгі жалақы бойынша дауласқанда да айттық ертең тарифтердің қымбаттайтынын. Негізінде халықпен санаспай шешім шығара берудің арты жақсы болмайды. Иә, қазір барлығы қиын. Бірақ соны жауапты адамдар қолдан істеп отырған сияқты, деді Р.Зайытов.