Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Қазақстан банктеріндегі пайыздық мөлшерлемеге байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Депутаттың айтуынша, елге түспеген пайданы банктер көріп жатыр, ал Ұлттық компаниялар ұтылуда.
Мынадай бір бап бар. Бюджеттің ақшасын пайызға салуға болмайды деген. Бірақ қазір не болып жатыр? Шамамен 10 трлн теңгенің пайдасын банктер көріп жатыр. Себебі, ешқандай пайызсыз, ақысыз қолданып жатыр.
Доллар депозиті бойынша 1% шектеу бар. Бірақ банктер 10 пайызбен береді. Сонда бұның пайдасын қайтадан банктер көріп жатыр. 1%-дан көбірек доллар салуға болмайды. Бұл не үшін жасалынған? Ел теңгеден долларға ауысып кетпесін деп. Алайда банктер өзінің долларларын 10-12 пайызбен беріп жатыр. Елге түспеген пайданың барлығын банктер көріп жатыр. Ұлттық компаниялар ұтылып жатыр. Сонда біз банкстанбыз ба, деді А. Қожаназаров.