• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«Халықтың басын қатырмаңдар»: Нартай Аралбайұлы МӘМС-ті тоқтата тұруды ұсынды

«Халықтың басын қатырмаңдар»: Нартай Аралбайұлы МӘМС-ті тоқтата тұруды ұсынды

28.01.2025
айдар: Қоғам, Саясат, Экономика
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
46
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы МӘМС жүйесін уақытша тоқтата тұруды ұсынды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Депутат Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға МӘМС жүйесін уақытша тоқтата тұруға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің жалақысына қатысты сұрақ қойды.

– МӘМС-тің жұмыс істеп жатқанына 6 жыл болды. Не тіркеу тоқтаған жоқ. Оның ішінде марқұмдарды да тіркеп жіберді. 3-4 айлық балалардың да тісін емдедік деп қор ақша алып отырғанын көріп отырмыз. Былтыр Президент тапсырған медициналық көмектің бірыңғай топтамасы да жасалған жоқ. Оған қоса Мемлекет басшысы айтқан “жергілікті билік өкілдері, әкімдіктер әлеуметтік осал топтардың кейбірінің медициналық сақтандыруын жергілікті бюджеттен төлесін” бастамасы да жүзеге асқан жоқ. Осы МӘМС-ті жасау арқылы халықты сынақ алаңына салып жіберген сияқтымыз. Бұрынғы жүйе де, қазіргі жұмыс де істеп тұрған жоқ. Халық қайда барып, ем аларын білмейді, – деді депутат.

Нартай Аралбайұлы өзінің ұсынысын жасады.

– Онсыз да басы қатып жүрген халықтың басын қатырмай, егер мүмкіндік болса, осы жүйені жүйелеп, нақты 100% дұрыс жұмыс істейтін деңгейге жеткенше, неге МӘМС жүйесін тоқтата тұрмасқа?! Өйткені елімізде 20 млн адам бар. Оның 3,5 млн-ы тіркелмеген, ал 14 млн адамның медициналық шығындарын мемлекет көтереді. Сонда сақтандыру жарнасын төлеп отырған 2 млн ғана адам қалады. МӘМС-ті бір жүйеге келтірсек, оны басқаша емдеудің жолын табармыз, – деп айтты депутат.

Сондай-ақ депутат облыс әкімдіктерінен қанша медициналық нысандар салынғанын сұрады.

Еліміз бойынша МӘМС жүйесінде 1000 азамат жұмыс істейді. Олардың бір жылдық жалақы қоры 11 млрд теңге.

– Сіздің елге, халыққа осынша қолайсыздық тудырып жатқан жүйенің қызметкерлері үшін бұл өте көп ақша емес пе?! Осы ақпаратты растай аласыз ба? – деп сұрады Мәжіліс депутаты.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жаңа жүйе болғандықтан кемшіліктері бар екенін жасырмады. Ол бұл кемшіліктерді депутаттармен бірге жоятынына сенімді екенін қоса кетті.

– Министрлік бүгінде тиісті жұмыстарды бастап кетті. Жүйе қолдауды және ары қарай жетілдіруді қажет етеді. Екінші мәселе ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жобасы биыл өзінің жалғасын тапты. Былтыр 99 нысан салынса, биыл 361 нысан салынып, іске қосылды. 2025 жылы қосымша 195 объект салынады. Сондай-ақ 32 ауданаралық ауруханалардың жетеуінің қосымша құрылыстары мен күрделі жөндеулері былытр басталып, биыл жалғасын табады. Оған 3,8 млрд теңге бағытталды. 10 аурухананың жобалық-сметалық құжат жеттік өтінім әзірленді. Қазір 7 жобалық-сметалық құжат жоспарлау сатысында тұр, – деп айтты ол.

Әлназарованың айтуынша, инвестициялық қызметтерді МӘМС жүйесі жүргізіп отырады. Бұл түскен барлық жарнапұлдардан, жұмыс берушілер мен жұмысшылардан 1,18 пайызын құрайды. Бұл қосымша барлық МӘМС жүйесіндегі қызметтердің атқарылуының жұмыстарына жұмсалады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 17 млрд теңгеге жуық қаражат болды. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бұл жұмысты қайта қарап, 1,5 млрд теңгеге бұл соманы азайттық. Негізі бұл мәселе бақылауда. Биыл автоматизация жүйесі іске қосылса, тиісті қосымша шаралар қабылданады.

– 17 млрд теңгенің ішіне барлығы кіреді. Жалақыны төлеу қоры 11 млрд теңге болса, қалған шығындар 20 филиал мен орталық филиалдың барлығын ұстап тұруға кетеді. 2024 жылдың қорытындысымен 15,5 млрд теңге көлемінде қаражат шығындарға жұмсалды, – деп түсіндірді министр Мәжілісте.

Tags: Ақмарал ӘлназароваМӘМСНартай Аралбайұлы
Алдыңғы пост

Туысының үйін тонауға көмектескен

Келесі пост

Донор 6 адамның өмірін сақтап қалды

Келесі пост
Донор 6 адамның өмірін сақтап қалды

Донор 6 адамның өмірін сақтап қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі