• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«Министр мырза, Ғани Бейсембаев, уәде қайда?»- Аятжан Ахметжан

«Министр мырза, Ғани Бейсембаев, уәде қайда?»- Аятжан Ахметжан

03.02.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
32
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

«Qazbilim ұлттық лицейі» жеке мектептер желісінің иесі Аятжан Ахметжан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембавқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Qaz365.kz-тің мәліметінше, соңғы уақытта Қазақстандағы жеке меншік мектептер үлкен қаржылық қиындықтарға тап болып отыр. Бүгінде ел аумағында 800-ден аса жеке мектеп жұмыс істейді, олардың бір бөлігі мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландырылады. Бұл мектептер үш ауысымды білім беру мәселесін шешуге айтарлықтай үлес қосқанымен, соңғы бір жыл ішінде олардың қаржылық жағдайы күрт нашарлады. Кейбір мектептер тіпті банкротқа ұшырау алдында тұр.

«Qazbilim ұлттық лицейі» желісінің иесі Аятжан Ахметжан жеке меншік мектептердің қаржылық дағдарысы жайлы дабыл қақты. Оның айтуынша, мемлекеттен бөлінетін қаржы кешіктіріліп жатыр, бұл өз кезегінде мұғалімдердің жалақысы мен басқа да шығындарды өтеуге кедергі келтіруде. Жеке мектептерде мемлекеттен бөлінетін қаржы жалақы төлеуге жұмсалады, ал ата-аналардан түскен қаражат коммуналдық қызметтер мен басқа қажеттіліктерге бөлінеді. Бірақ соңғы айларда бұл жүйе тұрақсызданып, мектептер қаржылық қиындықтарға тап болды.

Аятжан Ахметжан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа үндеу жолдап, желтоқсан айына тиесілі қаражат әлі күнге дейін толық төленбегенін тілге тиек етті. Оның сөзінше, 2023 жылдың қараша айынан бастап қаржы кешіктіріле бастаған. Бұрын ай сайын 23-27 аралығында төлемдер жасалып отырса, қазір 1,5 айға дейін кешігуде. Бұл жағдайдың салдарынан кейбір мектептер жабылып, мұғалімдер жалақысыз қалды.

«Министр мырза, Ғани Бейсембаев уәде қайда? Уәделі қаңтарыңыз аяқталды! Желтоқсанды әлі жаба алмай отырсыздар. Әлде бүкіл жеке меншік мектептердің банкрот болуын күтіп отырсыздар ма? …Соңғы екі айда елімізде жиырмаға жуық жекеменшік мектеп жабылды. Бұлай бола берсе, алдағы жыл үшауысымды мектептер саны тағы өседі. Бұл білім саласына соққы!»,  – деді А.Ахметжан.

Бұл мәселеге Мәжіліс депутаттары да назар аударды. Асхат Аймағамбетов пен Қазыбек Иса жеке меншік мектептердің қаржылық жағдайының күрт нашарлауына алаңдаушылық білдіріп, бұл жағдай білім беру саласына үлкен соққы болатынын атап өтті. Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мемлекеттік қаржыландыру үлкен кешігумен түсіп жатыр. Қазіргі таңда жеке мектептерге кемінде 80 млрд теңге жетіспейді.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері Қаржы министрлігінен ақша түсуін күтіп отырғандарын мәлімдеген. «Қаржы орталығы» АҚ-ның хабарлауынша, жеке меншік мектептерді қаржыландыру көзі республикалық және жергілікті бюджет болып табылады. Министрлік барлық берешекті 2024 жылы толығымен жабуға уәде берді.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырыс контингенті 290 мың адамнан асатын 744 жекеменшік мектепте орналастырылуда. Жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру көзі республикалық және жергілікті бюджет болып табылады.
Бұл өзгеріс қолданыстағы заңнамаға сәйкес орта білім беруді қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың тікелей құзыретіне кіретіндігіне байланысты жүзеге асырылды. Сонымен қатар, қаржыландырудың қосымша көзі мемлекеттік тапсырысты жекеменшік мектептерде жеткіліксіз қаржыландыру тәуекелін теңестіруге мүмкіндік береді, өйткені балалардың мемлекеттік мектептерден жекеменшікке белсенді көшуі байқалады. Тиісінше, қаражат ағындарын жүзеге асыру қажет. Бұл қаржыландыруды жергілікті деңгейге ауыстырған кезде мүмкін болады. 2023-2024 жылдардағы жекеменшік мектептер алдындағы берешек мәселесі Министрліктің ерекше бақылауында, қазіргі уақытта осы мәселені шешу бойынша ҚР Қаржы министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Барлық берешек ағымдағы жылы төленетін болады», —  делінген Қаржы орталығының хабарламасында.

Қаржы орталығының мәліметінше, жергілікті атқарушы органдармен келісімдер жасалып, қаражаттың бөліну тәртібі белгіленген. Алайда қаржының кешіктірілуі жеке меншік мектептердің қалыпты жұмыс істеуіне үлкен кедергі келтіруде.

Tags: Министр
Алдыңғы пост

Қазақстанда салық мөлшерлемесін көтеруге қарсы петиция басталды

Келесі пост

Батыс Қазақстан облысында көлік суға кетіп, 2 адам көз жұмды

Келесі пост
Батыс Қазақстан облысында көлік суға кетіп, 2 адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында көлік суға кетіп, 2 адам көз жұмды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі