• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Понедельник, 14 сентября, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

19.08.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
679
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қорқыт ата аллеясында сенбілікке атсалысып жатқан «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздарымен кездесті.

Аймақ басшысы табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау өркениетті қоғамның басты құндылығы екенін атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өңірімізде ауқымды жұмыс атқарылуда.
Шілде айының басында күшіне енген халықтық Конституцияда табиғатты қорғау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидаты алғаш рет заң деңгейінде бекітілді. Ендігі жерде қоршаған ортаға жанашырлық таныту – әрбір азаматтың конституциялық парызы.
Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі, Президент саябағы, бүгінгі сенбілік өтіп жатқан Қорқыт Ата саябағының жаңаша келбетке енуі – өңіріміздің әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жүйелі саясаттың жемісі.
Осындай игі істердің бел ортасында әрдайым «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары жүреді. «Жасыл ел» – маусымдық жұмыс емес, жастарды еңбекке баулитын, елжандылыққа тәрбиелейтін, қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыратын үлкен азаматтық мектеп. Бұл жоба арқылы мыңдаған жас алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтап, туған жердің дамуына сүбелі үлесін қосып келеді.
Биыл жобаға 21 жыл толды. Осы уақыт ішінде «Жасыл ел» өз тиімділігін дәлелдеп, жастар саясатының ең табысты жобаларының біріне айналды. Туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін!», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Сенбілікте аймақ басшысы жастармен экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде еркін пікір алмасты.

Айта кетейік, өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасағының қатысуымен 118 саябақ, сквер, аллея және қоғамдық демалыс орындары көгалдандырылып, 12 гектар аумақ тұрмыстық қалдықтан тазартылды.
Биыл да 1200-ден астам жас осы игі іске атсалысып, өңірдің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуда.
Жасақ сарбаздары арнайы киімдермен, құрал-жабдықтармен қамтылған.

Сонымен қатар, бүгін облыс әкімі «КБИ» , «Бәйтерек» шағын аудандары мен Жаппасбай батыр көшесіндегі тазалық, абаттандыру және балалар ойын алаңдарының жағдайын, Сағымбаев көшесін қайта жаңғырту жұмыстарын көріп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Алдыңғы пост

Сәбидің жөргегінен алтын, жасөспірімнің киімінен 40 мың доллар табылды

Келесі пост

Көршісін пышақтап, пәтерге қамап кеткен

Келесі пост
Көршісін пышақтап, пәтерге қамап кеткен

Көршісін пышақтап, пәтерге қамап кеткен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

four + 16 =

Соңғы жаңалықтар

  • Алтын адамның киімін қалпына келтірген этнодизайнер Астанада шаштараз болып жұмыс істеп жүр
  • Денсаулық сақтау министрі өз ағзаларын донорлыққа беруге рұқсат етті
  • Нұрлыбек Нәлібаев Roca Group өкілдерімен Қызылордадағы зауыт жобасын талқылады
  • «Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек»: Қарағандылық мұғалімнің жазбасы дауға қалды
  • ҚМДБ Білім министрлігінің орамал саясатына қарсы шықты: «Діни үкім өзгермейді»

Соңғы пікірлер

  1. Нурсулу Темирбаева к Медицина қызметкері – адам өмірінің арашасы
  2. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  3. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  4. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Алтын адамның киімін қалпына келтірген этнодизайнер Астанада шаштараз болып жұмыс істеп жүр

Денсаулық сақтау министрі өз ағзаларын донорлыққа беруге рұқсат етті

Нұрлыбек Нәлібаев Roca Group өкілдерімен Қызылордадағы зауыт жобасын талқылады

«Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек»: Қарағандылық мұғалімнің жазбасы дауға қалды

ҚМДБ Білім министрлігінің орамал саясатына қарсы шықты: «Діни үкім өзгермейді»

«Шариғатта алимент жоқ»: науқас баланың әкесі сот шешімін орындаудан бас тартқан

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі