• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 19 февраля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
«Қазақмыс» корпорациясының лауазымды тұлғалары ұрлық ісі бойынша ұсталды

«Қазақмыс» корпорациясының лауазымды тұлғалары ұрлық ісі бойынша ұсталды

03.03.2025
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
13
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясының лауазымды тұлғалары ұрлық ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақмыс» корпорациясының лауазымды тұлғаларына қатысты ұрлық дерегі бойынша тергеу жүргізілуде.

«Ішкі істер министрлігі өнеркәсіп нысандарында қылмыстық ұрлық схемаларын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. (…) Ұлытау облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы (ҰҚҚБ) мен «Қазақмыс» корпорациясының қауіпсіздік қызметі бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінен құралған екі қылмыстық топты ұстады. Олар тауар-материалдық құндылықтарды ұрлау схемасын ұйымдастырған», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары қылмыстық топтардың алдын ала келісім арқылы жасаған ұрлықтары бойынша жүргізіліп жатыр.

«Бірінші топқа кәсіпорынның учаске бастығы жетекшілік еткен. Олар кәсіпорын мүлкін 16 миллион теңгеден астам сомаға ұрлаған. Екінші топта қылмысқа корпорацияның бір басқармасының басшысы қатысқан. Олар жалған құжаттар жасап, ұрланған мүлікті кәсіпорын аумағынан шығарған. Тергеушілер бұл қылмыстық әрекеттерге айқын дәлелдер жинап, барлық күдіктілерді қамауға алды», – деп хабарлады ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сонымен қатар, Павлодар облысы полиция департаментінің ҰҚҚБ қызметкерлері Алюминий зауыты аумағынан металл ұрлау схемасын анықтады.

«Қылмысқа кәсіпорынның өз қызметкерлері қатысқан. Олардың заңсыз әрекеттері жедел іздестіру шаралары барысында құжатталды. Күдіктілер металлдың кезекті партиясын алып шығуға әрекет жасаған кезде қолма-қол ұсталды. Қылмыстық топтың әрекеттерінен кәсіпорынға 30 миллион теңге көлемінде зиян келтірілген. Қазіргі таңда бірнеше эпизод бойынша қылмыстық іс тергелуде», – деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Сондай-ақ, 2023 жылы «Qarmet» АҚ-ның мүлкін ұрлау ісі бойынша ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

«Аталған кәсіпорында ұрлыққа қатысы бар тағы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың тергеуі аяқталып, қылмыстық істер сотқа жолданды. Ірі өнеркәсіп нысандарындағы қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін тоқтату жұмыстары Ішкі істер министрлігінің тұрақты бақылауында», – деп атап өтті Қуандық Алпыс.

Tags: ҚазақмысҰрлық
Алдыңғы пост

Астанадағы сот сараптамасы орталығының лауазымды тұлғалары 2 миллиардтан астам теңге ұрлады деп күдікке ілінді

Келесі пост

Президент Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойды

Келесі пост
Президент Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойды

Президент Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Жетісу облысында баласына зорлық көрсеткен анаға қатысты сот шешімі шықты
  • Әйелін күштеп әкеткендер сотталды
  • Сабалақ саяжайына газ берілді
  • Оқушы назарын білімге бұру: мектептерде смартфонға жаңа тәртіп енгізілмек
  • Қызылордада өгей әке қызды аңдыған: күдікті қамауға алынды

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында баласына зорлық көрсеткен анаға қатысты сот шешімі шықты

Әйелін күштеп әкеткендер сотталды

Сабалақ саяжайына газ берілді

Оқушы назарын білімге бұру: мектептерде смартфонға жаңа тәртіп енгізілмек

Қызылордада өгей әке қызды аңдыған: күдікті қамауға алынды

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты: төрт адам қаза тапты

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі