• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 23 мая, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Біреуі 21-де: Алматыдағы марафон кезінде екі адам қайтыс болды

Біреуі 21-де: Алматыдағы марафон кезінде екі адам қайтыс болды

21.04.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
69
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Алматыдағы жүгіру марафоны кезінде екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды  kaztoday.kz.

20 сәуір күні таңертең өткен Almaty Half Marathon кезінде екі қатысушы – 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади көз жұмды. Екеуі де жартылай марафон қашықтығына (21,1 км) тіркелген және Алматы қаласында өтетін жүгіру жарыстарының тұрақты қатысушылары болған.

Ulysmedia.kz хабарлауынша, жарыс кезінде медициналық және жедел қызметтер, сондай-ақ полиция дер кезінде әрекет еткен. Дегенмен көрсетілген көмекке қарамастан, екеуінің де өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Аққоян Рсалиев жарыстың алғашқы шақырымында, әл-Фараби даңғылы бойында өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.

— Сағат 8:15 шамасында полиция қызметкерлері қатысушының құлап түскенін хабарлады. Жедел жәрдем бір минут ішінде келді, бірақ тамыр соғысы болмады. Реанимациялық шаралар хаттамаға сай жүргізілді. Алдын ала диагноз — өкпе артериясының тромбоэмболиясы, бұрыннан артериялық гипертензия анықталған, – деді 2/51 жедел жәрдем бригадасының дәрігері Алибек Хожаназаров.

Аққоян Рсалиев 2021 жылдан бері Almaty Half Marathon және Almaty Marathon секілді жарыстарға тұрақты қатысып, 21,1 км және 10 км қашықтықтарын бірнеше рет бағындырған.

21 жастағы Нұрбол Ахмади жарыстың 16-шы шақырымында есінен танып, құлаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер жедел түрде реанимациялық шаралар жүргізгенімен, нәтиже болмаған.

— Біз 9:18-де жеттік. Сол сәтте ұйқы артериясынан тамыр соғысы байқалмады, тыныс алу да болмады, қан қысымы нөл болды. Реанимациялық әрекеттер хаттамаға сай орындалды, бірақ нәтиже бермеді. Қатысушы 103 қызметі келгенге дейін көз жұмған. Алдын ала диагноз – өкпе артериясының тромбоэмболиясы және жедел жүрек жеткіліксіздігі, – деді 8/58 бригадасының дәрігері Айгерім Есдәулетова.

Медициналық қызметкерлердің айтуынша, екі қатысушының нақты қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Сараптама нәтижелері жақындарына хабарланады.

«Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаеваның сөзінше, қатысушылардың қауіпсіздігі – ұйымдастырушылар үшін басты басымдық.

— Жарысқа тіркелу кезінде әр қатысушы өзінің денсаулығы үшін толық жауапты екенін және физикалық тұрғыда дайын екенін растайтын келісімге қол қояды. Бұл — әлем бойынша марафон өткізуде қолданылатын қалыпты тәжірибе. Almaty Marathon аясында жыл бойы тегін жаттығулар мен дәрістер өткізіледі. Жарыс күні барлық су ішу бекеттерінде медициналық көмек көрсетуге дайын мамандар орналастырылады. Барлық бағыттар алдын ала полиция және жедел жәрдем қызметімен бірге пысықталады, – деді ол.

Қор ұйымдастырушылары марқұмдардың отбасыларымен байланысқа шығып, материалдық көмек көрсетуге ниетті екендерін мәлімдеді.

Tags: Алматымарафон
Алдыңғы пост

«4, 6 және 8 жаста»: Үш бала газдан уланып көз жұмды

Келесі пост

Әуежайда жасөспірім сөмкеде жарылғыш зат барын хабарлады

Келесі пост
Әуежайда жасөспірім сөмкеде жарылғыш зат барын хабарлады

Әуежайда жасөспірім сөмкеде жарылғыш зат барын хабарлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • 1500-ге жуық шетелдік радикалды ұйым мүшелері Қазақстанға кірмек болған
  • Павлодарда баланы сүндетке отырғызатын деп денсаулығына зиян келтірген дәрігер сотталды
  • Заң бұзған түркістандық шенеуніктерге 9 млн теңгеден астам айыппұл салынды
  • Тұрғын үйдің кіре берісінде қызға шабуыл жасалған ер адам ұсталды ВИДЕО
  • Әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйдің ақшасын жымқырған шенеунік ұсталды

Соңғы пікірлер

  1. mpototo500 к Қызылорда облысында балалар тышқанмен бірге тамақтануда ВИДЕО
  2. castletoto daftar к Димаш Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысады
  3. liveslot365 daftar к Қызылорда облысында балалар тышқанмен бірге тамақтануда ВИДЕО
  4. index url google к Жемқорлар қайтарған ақшадан Қызылордадағы ауылдарды сумен жабдықтауға 4,2 млрд теңге бөлінді
  5. Live Draw Sgp к Фитозертханада есірткі өсірген Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

1500-ге жуық шетелдік радикалды ұйым мүшелері Қазақстанға кірмек болған

Павлодарда баланы сүндетке отырғызатын деп денсаулығына зиян келтірген дәрігер сотталды

Заң бұзған түркістандық шенеуніктерге 9 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Тұрғын үйдің кіре берісінде қызға шабуыл жасалған ер адам ұсталды ВИДЕО

Әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйдің ақшасын жымқырған шенеунік ұсталды

Жүк көлігі самокат мінген екі жасөспірімді қағып кетті ВИДЕО

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі