Қазақстанда блогерлердің салық төлемдеріне қатысты тексерістер жалғасуда. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
Ведомствоның дерегінше, бүгінгі таңда 854 блогерге 1,5 мыңнан астам хабарлама жіберілген. Алдын ала есеп бойынша, олардың табысты толық көрсетпеу сомасы шамамен 72 миллиард теңгені құрауы мүмкін.
Тексеріс нәтижесіне кейбір блогерлер жауап қайтарып үлгерген. Атап айтқанда, 622 адам түзетілген салық декларацияларын тапсырып, табыстарын 18,3 миллиард теңгеге арттырған. Соның нәтижесінде бюджетке 1 миллиард теңгеге жуық салық төленген. Сонымен қатар, тағы шамамен 600 миллион теңге төлеу міндеті сақталып отыр.
Қаржы органдарының хабарлауынша, тексерістер әлі де жалғасуда. Қазіргі таңда табысты жасыру сомасы 10 миллион теңгеден асатын 7 блогердің ісі жеке қарастырылып жатыр.
