• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 15 мая, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Экология
«ТАЗА АУЛА» АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ТАЗА АУЛА» АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

18.04.2026
айдар: Экология
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
48
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза аула» атты ауқымды экологиялық акция өтті.
Өңірдегі барлық елді мекендерде 147 аула тазартылды. Акцияға 12 266 адам қатысып, 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Тазалық шарасына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер, жастар ұйымдары мен жергілікті тұрғындар атсалысты. Аулалардың қоқысы жиналып, айналасы абаттандырылды және көгалдандырылды.

Жыл басынан бері тазалық шараларында 46 934 ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері белсенділік танытқан. 1067 тонна қоқыс қалдықтары жиналып, 156 сквер мен парк, 225 тарихи-мәдени ескерткіш, 791 әлеуметтік, 407 өнеркәсіп және бизнес, 8 су нысаны, 843 көше бойы тазартылды. Оған 248 техника жұмылдырылды. Өңірдің климатына жерсінетін 27 450 түп қарағаш, терек, Сыр талы, т.б. көшет егілді.

Акция аясында аудандарда да іс-шаралар ұйымдастырылды. Арал ауданының «Келешек мектебіндегі» “Жасыл мұра” шарасында түлектер мектеп ауласына 100-ден астам тал екті. Оқушылар мен ұстаздар табиғатты көркейтуге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға үлес қосты.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде тазалық сақтау, елді мекендерді көркейту және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Демеушілер мен бюджет қаражаты есебінен демалыс орындары, ойын және спорт алаңдары жаңартылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жөнделді.

Қызылорда қаласындағы орталық алаң, мәдени-демалыс паркі және Қорқыт ата сквері қайта жаңғыртылып, халық игілігіне берілді. Президент саябағы жаңадан қайта салынып, қала тұрғындары мен қонақтары ның демалыс орнына айналып келеді.

Ауылдарда «Үлгілі елді мекен» конкурсы өтіп, соңғы үш жылда 2 млрд теңгеден астам қаржыға алынған 67 арнайы техника табысталды.
Қалдықтарды басқару бағытында 98,7 млрд теңгенің 9 жобасы бар. Жаңақорғандағы сұрыптау кешені іске қосылуға дайын, ал Сырдария ауданында жаңа полигон пайдалануға берілді.

Алдыңғы пост

ҚМДБ ескертті: Ислам мен имамдарды қорлағандар жауапқа тартылады.

Келесі пост

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛІМІЗДЕГІ ҮШІНШІ ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Келесі пост
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛІМІЗДЕГІ ҮШІНШІ ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛІМІЗДЕГІ ҮШІНШІ ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • ҚЫЗЫЛОРДАДА “ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС” АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
  • Бас Прокурор Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті.
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА «АЙБЫНЫ АСҚАҚ, АЙБАРЫ МЫҚТЫ АЗАТ ЕЛ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ
  • САПА КЕРУЕНІ: АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТТАРЫ ӨНДІРІСТІ ҰЛҒАЙТТЫ

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА “ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС” АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бас Прокурор Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті.

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АЙБЫНЫ АСҚАҚ, АЙБАРЫ МЫҚТЫ АЗАТ ЕЛ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

САПА КЕРУЕНІ: АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТТАРЫ ӨНДІРІСТІ ҰЛҒАЙТТЫ

«ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚТЫҢ МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі