• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 1 мая, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Экономика
САПА КЕРУЕНІ: АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТТАРЫ ӨНДІРІСТІ ҰЛҒАЙТТЫ

САПА КЕРУЕНІ: АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТТАРЫ ӨНДІРІСТІ ҰЛҒАЙТТЫ

01.05.2026
айдар: Экономика
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қызылорда облысында асфальт-бетон зауыттары өндіріс көлемін ұлғайтты. Бүгінде өңірде 20-дан аса кәсіпорын жол жабындысын шығарады. «Сапа керуені» жобасы аясында Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мамандары БАҚ өкілдерімен бірге зауыттардың жұмысымен танысып, бақылау жүргізді.

Аймақта жол құрылысы қарқын алып, асфальт-бетон зауыттарда қазір қайнаған тірлік басталды. Соның бірі, «УАД» ЖШС өндіріс орны. Алып компания италяндық технология бойынша асфальт шығарады. Мұнда битумға араласқан қиыршық тас 160 градуста қайнап, автоматтандырылған қондырғылар арқылы сапаны арттыратын түрлі химикаттар қосылады. Ал зауыттан шыққан ыстық асфальтты жүк көліктері лезде құрылыс аумағына әкетіп жатыр.
— Бізде асфальт тек ыстық күйде барады. Оны жинап қойып ертесіне апара алмайсың. Нормативтік талапқа сай өзінің белгілі температурасы бар. Зауыттан 160-155 градуспен шығарамыз. Жол салатын аумаққа кемі 150 градусс ыстықта жетуі тиіс. Қазір жұмыс ауқымы өте көп. Күніне мың тоннадан аса асфальт шығарып жатырмыз. Біз бұған дайын болдық. Қыстай қажет шикізатымызды жинап, үлкен қор дайындап қойғанбыз,- дейді «УАД» ЖШС өндірістік учаске басшысы Алмас Қалиев.
Өңірдегі тағы бір ірі жол салушы компания «Қыран» ЖШС. Биыл республикалық маңыздағы «Қызылорда-Жезқазған» автожолының қала аумағында айналма жолдың құрылысын бастады. Мұнан бөлек, қалаішілік жолдар бар. Бүгінде кәсіпорынның өндіріс аумағында 10 мың тоннадан асатын шикізат қоры бар. Ал зауыттан сағатына 160 тонна асфальт шығып жатыр.
— Бізде украиналық зауыт қойылған. Тәулігіне 1500 тоннаға дейін ыстық асфальт жіберіп жатырмыз. Компания қазір аймақтағы жол саласына қатысты ірі жобаларды жүзеге асыруда. Өндіріс учаскесінде 20 адам еңбек етеді. Негізгі қондырғылардың басым бөлігі автоматтандырылған. Біздің операторлар тек жұмыс процесін бақылап отырады. Егер қандай да бір олқылық болса компьютерден анықтап, кемшілік түзетіледі. Жалпы сапалы асфальт өндіру үшін барлық қоспалар белгілі бір мөлшерде беріліп, сапасы қадағаланып отырады- дейді «Қыран» ЖШС асфальт-бетон зауытының басшысы Руслан Жүргенов.
Филиал мамандары жыл басынан бері аймақтағы асфальт-бетон зауыттарына бақылау жүргізіп, талапқа сай жұмыс істеуін ұдайы қадағалап келеді. Ең бастысы жол жабындысының сапасы.
— Облыс бойынша барлығы 23 асфальт-бетон зауыты бар. Соның 12-сі қалада. Жыл басынан бері барлық өндіріс орындарына қадағалау жұмыстарын жүргізіп шықтық. Тексеріс барысында аз-кем ескертулер болды. Бірақ, қазіргі таңда зауыттар олқылықтарды түзеп, талапқа сай жұмыстарын істеп жатыр. Тіпті, асфальт құрамына қосатын қоспаларды бірінші орталық мамандары зертханада сынамадан өткізіп, оң қорытынды бергеннен кейін өндірісте қолданып жатыр. Бұл сапаның кепілдігі, — дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК ҚОФ бөлім басшысы Ержан Усманов.
Биыл облыс аумағында жол жөндеу жұмыстарына 40 миллиард теңгеге жуық қаржы қаралған. Әсіресе, шеттегі ауыл-аймақтарға айрықша көңіл бөлінбек. Соның нәтижесінде, өңірдегі автожолдардың жағдайы жақсара түспек.

Алдыңғы пост

«ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚТЫҢ МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Келесі пост

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

Келесі пост
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ
  • САПА КЕРУЕНІ: АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТТАРЫ ӨНДІРІСТІ ҰЛҒАЙТТЫ
  • «ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚТЫҢ МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
  • Анасын қорғаймын деп өз әкесінің қолынан қаза тапты
  • ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

САПА КЕРУЕНІ: АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТТАРЫ ӨНДІРІСТІ ҰЛҒАЙТТЫ

«ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚТЫҢ МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Анасын қорғаймын деп өз әкесінің қолынан қаза тапты

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

АУДАН ӘКІМІ ҚАРАҚҰМ БЕТКЕЙДЕГІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР МЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі