Бүгін аудан орталығында жаңа кәсіпкерлік нысан – «Нұрдәулет» боулинг орталығының ашылу рәсімі өтті.
Жаңа нысанның ашылу рәсімінде аудан әкімі Алмасбек Есмаханов құттықтау сөз сөйлеп, аудандағы кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан игі жұмыстар жайында айтып өтті.

-Бүгінде өңірімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қолдауымен кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Қазыналы Қазалы ауданында да өңірге көрсетілген қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Өткен жылы ауданда тамақтану орындары, мейрамханалар, сауда орындары, көлік жуу орны сынды жаңадан 32 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп, онда 80-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Ал биылғы жылы 5 кәсіпкерлік нысан ашылып, 20-ға жуық адам жұмыспен қамтылды. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін ауданымызда жаңа кәсіпкерлік мақсаттағы нысан — Қонақ үй ғимараты, «Мұқаш ата» сауда үйі, «Ривера» тамақтану орны, «Ақбота» кондитерлік өнімдері, «Ербол» тіс емханасы

