Түркістан облысының Түлкібас ауданында қайғылы оқиға орын алды. Ақсу-Жабағылы ауылында екі жасар бала абайсызда әжетхана шұңқырына құлап кетіп, көз жұмды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға тұрғын үй ауласында болған. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын кәріз шұңқырына құлап кеткен.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баланы сыртқа алып шыққанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Төтенше жағдайлар департаменті баланың қаза тапқанын растады.
