• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 5 августа, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
ҚЫЗЫЛОРДАДА «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АТТЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АТТЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

05.08.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
9
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін Қызылорда облысының Қазалы ауданында жас ұрпаққа сапалы біліммен қатар тағылымды тәрбие беру мәселелерін талқылау мақсатында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты кеңейтілген мәжіліс өтті.

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен мәжіліске аудан прокуроры Мадияр Бекпанов, аудан жастарымен кездесуге арнайы келген қонақтар — Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, дінтанушы, теолог Асанов Нұрлан Байжігітұлы, ақын, «Алтын домбыра» республикалық айтысының үш дүркін иегері, облыстық мәслихат депутаты, Н. Бекежанов атындағы қазақ академикалық музыкалық-драма театрының директоры Мұхтар Ниязов, танымал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Күміс қалам-2025» байқауының жүлдегері Ақжол Түменбай және құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары, ата-аналар комитетінің өкілдері, мектеп директорлары мен аудан жастары қатысты.

Жиында аудан басшысы алдымен өскелең ұрпаққа сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беру – мемлекет пен қоғам алдындағы ортақ міндет екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жас ұрпақты еңбекқорлыққа, тәртіпке, отансүйгіштікке және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу жөніндегі ұстанымдарына тоқталып, бүгінгі қоғамда отбасы, мектеп және мемлекеттік органдардың өзара үйлесімді жұмысы ерекше маңызға ие екенін жеткізді. Сондай-ақ жаңа Конституция аясында қоғамда заң үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жауапты азамат тәрбиелеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Мәжіліс барысында арнайы шақырылған қонақтар жастар тәрбиесі, рухани құндылықтарды дәріптеу, діни сауаттылықты арттыру, ұлттық болмысты сақтау, құқықтық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері төңірегінде мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.

Белгілі теолог Нұрлан Асанов жастардың теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтануы, отбасы, ата-ананың тәрбиесінің маңызы мен рухани иммунитетті қалыптастыру жайында кеңінен әңгімелесе, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов ұлттық тәрбие, отбасы құндылығы және ата-ананың жауапкершілігі туралы тағылымды ойларын ортаға салды. Ал ақын Ақжол Түменбай жастардың рухани дүниесін байытудағы әдебиет пен ұлттық тәрбиенің орнына тоқталды.

Кеңейтілген мәжілісте аудан прокуроры Мадияр Бекпанов жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы сөз қозғады.

Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасу өтіп, аудан жастары қонақтарға сауалдарын қойып, жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқықтық және рухани тәрбиесін күшейту бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Алдыңғы пост

«Қарғысты қайтарамыз» дегенге сенген зейнеткер 15 млн теңгеден айырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • ҚЫЗЫЛОРДАДА «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АТТЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ
  • «Қарғысты қайтарамыз» дегенге сенген зейнеткер 15 млн теңгеден айырылды
  • Астанада 100-ден астам адамды автокредит арқылы алдаған қылмыстық топқа үкім шықты
  • 3 жасар сәби анасының мәйітімен 1,5 тәулік жалғыз қалған
  • Әлеуметтік желідегі сынға байланысты Әділет Зейнілдің жұбайы мәлімдеме жасады

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АТТЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

«Қарғысты қайтарамыз» дегенге сенген зейнеткер 15 млн теңгеден айырылды

Астанада 100-ден астам адамды автокредит арқылы алдаған қылмыстық топқа үкім шықты

3 жасар сәби анасының мәйітімен 1,5 тәулік жалғыз қалған

Әлеуметтік желідегі сынға байланысты Әділет Зейнілдің жұбайы мәлімдеме жасады

Шоколадқа деген махаббат тым қымбатқа түсті

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі