• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 3 сентября, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Медицина
«ДостарМедLine»-дағы даулы тіркеу: 2001 жылы қайтыс болған адам 2023 жылы қалай тіркелген?

«ДостарМедLine»-дағы даулы тіркеу: 2001 жылы қайтыс болған адам 2023 жылы қалай тіркелген?

03.09.2026
айдар: Медицина
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
719
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қызылорда қаласындағы «ДостарМедLine» жекеменшік клиникасына қатысты әлеуметтік желіде жазба жарияланды. Жазба авторы- Instagram желісіндегі @nur_ai_tatti парақшасының иесі.

Автордың айтуынша, оның 2001 жылы қайтыс болған әкесі 2023 жылдың қараша айынан бастап «ДостарМедLine» клиникасына тіркелген болып шыққан.

Жазбада автор медициналық ақпарат жүйесінен әкесінің деректерін көргенін көрсеткен. Скриншотта азаматтың «ДостарМедLine» ЖШС-не 2023 жылғы 22 қарашада тіркелгені туралы ақпарат бар.

Автор клиникаға барып, бұл жағдайдың мән-жайын сұрағанын, алайда қызметкерлер оған азаматтың 2023 жылы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) тіркелгенін айтқанын жазады.
Осыған байланысты әлеуметтік желі қолданушысы бірқатар сұрақ көтерген. Атап айтқанда, 2001 жылы қайтыс болған адамның 2023 жылы ЭЦҚ алуы немесе электронды түрде медициналық ұйымға тіркелуі қалай жүзеге асқанына күмән келтіреді.
«2001 жылы қайтыс болған адам 2023 жылы қалай ХҚКО-ға барып немесе биометриядан өтіп, ЭЦП алады?»-деп жазды автор.
Ол құзырлы органдардан жағдайды тексеріп, 2023 жылы азаматтың атына ЭЦҚ кілтінің кім тарапынан және қандай компьютерден немесе IP-мекенжайдан шығарылғанын анықтауды сұраған.
Сонымен қатар жазба авторы, егер деректер расталса, жауапты тұлғаларды заң аясында жауапкершілікке тартуды талап етеді.
Айта кетейік, әлеуметтік желідегі жазбада айтылған деректер әзірге автордың мәлімдемесі ретінде ұсынылып отыр. Аталған жағдай бойынша «ДостарМедLine» клиникасының және уәкілетті органдардың ресми түсініктемесі қажет.
Парақша: Instagram- @nur_ai_tatti

Алдыңғы пост

Жамбыл облысында сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйел ұсталды

Келесі пост

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Келесі пост
Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

11 − ten =

Соңғы жаңалықтар

  • Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асты
  • «ДостарМедLine»-дағы даулы тіркеу: 2001 жылы қайтыс болған адам 2023 жылы қалай тіркелген?
  • Жамбыл облысында сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйел ұсталды
  • Пышақ ұстаған әйел шабуыл жасап, вице-президент қаза тапты
  • Дәрігер қабылдауына кезек қысқарды: жаңа тәртіп енгізілді

Соңғы пікірлер

  1. Нурсулу Темирбаева к Медицина қызметкері – адам өмірінің арашасы
  2. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  3. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  4. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

«ДостарМедLine»-дағы даулы тіркеу: 2001 жылы қайтыс болған адам 2023 жылы қалай тіркелген?

Жамбыл облысында сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйел ұсталды

Пышақ ұстаған әйел шабуыл жасап, вице-президент қаза тапты

Дәрігер қабылдауына кезек қысқарды: жаңа тәртіп енгізілді

Отандық вагон жасау саласын дамыту мәселелері талқыланды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі