• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 9 июля, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
Алина Серикованың өлімі: басты айыпталушы өмір бойына сотталды

Алина Серикованың өлімі: басты айыпталушы өмір бойына сотталды

31.01.2025
айдар: Қылмыс, Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
32
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Ақтауда 31 қаңтар күні тренер Алина Серикованың өліміне қатысты апелляциялық сот үкімі шықты, деп хабарлайды Kaztoday.kz Маңғыстау облыстық сотына сілтеме жасап.

Ол бірнеше сағат бойы бес ер адамның азаптауынан кейін қаза тапқан.

Марқұм қыздың ата-анасы алғаш рет сот залына қатысуға рұқсат алды.

Апелляциялық сот басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұған дейін бірінші инстанция соты оған 20 жыл жаза тағайындаған еді. Тағы бір сотталушы 16 жылға, ал қалғандары 13 жыл 6 айға және 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірінші инстанция соты оларды 8,5 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Сотталушылардан жәбірленуші тарапқа 19 618 415 теңге көлемінде материалдық шығын және 30 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін апелляциялық соттың екі отырысы өтпей қалған еді: алғашқысы айыпталушының адвокаты келмегендіктен, ал екіншісі айыпталушының қорғаушысынан бас тартуына байланысты кейінге шегерілген.

Бұған дейін Бауыржан Жолжан Tengrinews.kz редакциясына қылмыс орнынан түсірілген суреттерді ұсынған және апелляциялық соттан күткен үміттерімен бөліскен.

Алина Серикова 2023 жылдың мамыр айында суицид жасады. Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын ол сұмдық қылмыстың құрбаны болды. Бейтаныс ер адамдар мефедрон есірткісінің әсерімен оған шабуыл жасап, ұрлап, ұрып-соғып, зорлап, кейін екі миллион теңге несие алуға мәжбүрлеген.

Марқұмның ағасы Tengrinews.kz редакциясына қарындасының ұрланған сәтін түсірген бейнежазбаны ұсынды.

https://kaztoday.kz/wp-content/uploads/2025/01/photo_501035.mp4

Кадрларда бірнеше ер адамның қызды көлікке күштеп апара жатқаны көрінеді. Ол бар күшімен қарсылық көрсеткенімен, екінші көлік келіп, ішінен шыққан жігіт басқаларға көмектесіп, қызды көлікке күштеп отырғызған. Кейін екі көлік бірден қашып кеткен.

2024 жылдың желтоқсанында қылмыскерлер сот алдында жауап берді. Прокурор басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал қалған қатысушыларға 15-16 жыл жаза тағайындауды сұрады. Алайда сот шешімімен басты айыпталушы 20 жылға, ал оның төрт сыбайласы 7 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Марқұмның отбасы мен прокурорлар бұл үкімнің тым жеңіл екенін мәлімдеді. Маңғыстау облыстық прокуратурасы сот үкіміне апелляциялық шағым түсіріп, айыпталушыларға жазаны қатаңдатуды талап етті.

Фото: Lada.kz

Tags: Алина Сериковамаңғыстаусот үкімі
Алдыңғы пост

«Бірнеше рет сотталған»: Астанада тұрғынның ақшасы мен көлігін тонаған қылмыстық топ қолға түсті

Келесі пост

Қазақстандық тауық етінен қауіпті бактерия табылды: кәсіпорын тексеріледі

Келесі пост
Қазақстандық тауық етінен қауіпті бактерия табылды: кәсіпорын тексеріледі

Қазақстандық тауық етінен қауіпті бактерия табылды: кәсіпорын тексеріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қызылордада «URBAN-2025» халықаралық форумы өтті
  • «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті
  • Қызылордада қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытының капсуласы салынды
  • Облыс әкімі Қызылордадағы білім беру мекемелерінің құрылыс барысын көрді
  • «Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрмесі өтті

Соңғы пікірлер

  1. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  2. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  5. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада «URBAN-2025» халықаралық форумы өтті

«Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті

Қызылордада қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытының капсуласы салынды

Облыс әкімі Қызылордадағы білім беру мекемелерінің құрылыс барысын көрді

«Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрмесі өтті

«Оңтүстіктің қыздары тұрмысқа үй қызметшісі болу үшін шығады» — блогер

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі