Қостанай облысында бруцеллез ауруының өршуі тіркелді, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Қостанай облысында бруцеллез ауруының таралуына байланысты шектеу шаралары енгізілді.
«Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Кособин ауылдық округінің Славенка ауылында орналасқан «Кузьминых А.С.» шаруа қожалығы аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды», – делінген жергілікті әкімдік жобасында.
Бруцеллез – адамға жануарлардан жұғатын зоонозды инфекциялық ауру. Аурудың қоздырғышы – бруцелла бактериялары. Бұл бактериялар адам үшін патогенді болып табылады. Инфекцияның негізгі көзі – ауыл шаруашылығы жануарлары, әсіресе ірі қара және ұсақ мал. Сондай-ақ, бұл ауру жылқы, шошқа, түйе және итте де кездесуі мүмкін.