Қызылорда – еліміздегі орталықтандырылған ыстық су жүйесі әлі іске қосылмаған жалғыз облыс орталығы, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Қаланың көпқабатты үйлерінде тұратын тұрғындар электрлі су жылытқыштар мен газ колонкаларын қолдануға мәжбүр, бұл өз кезегінде қауіп туғызуы мүмкін.
Енді Үкімет резервінен ыстық су желілерін салуға 5 миллиард теңге бөлінеді.
2024 жылдың қазан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала тұрғындарын 2025 жылдың соңына дейін ыстық сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Жоба екі кезеңде жүзеге асады:
— 2024 жылы 187 үйге ыстық су тартылды (бұл мақсатқа 11 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген);
— Биыл жобаның екінші кезеңі басталады – тағы 236 үйге қосылады.
Жалпы алғанда, орталықтандырылған ыстық су жүйесіне 423 көпқабатты үй қосылады.
Дереккөз: @ztb_qaz