• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 5 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
«Манипуляцияға жол беруге болмайды»: Депутат Magnum-дағы жағдайға пікір білдірді

«Манипуляцияға жол беруге болмайды»: Депутат Magnum-дағы жағдайға пікір білдірді

10.04.2025
айдар: Саясат, Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
16
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Magnum компаниясына қатысты әлеуметтік желілерде тараған жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Оның айтуынша, бұл жағдайды саясиландырып, тілдік немесе ұлттық қақтығыс ретінде көрсетудің қажеті жоқ.

«Біріншіден, манипуляцияға жол беруге болмайды. Мен бұл мәселені зерттедім, қарадым. Бұл – тек Еңбек кодексі аясында реттелетін дүние. Бұл – жұмыс беруші мен жұмысшының қарым-қатынасы. Одан бір саяси, қоғамдық резонанс тудырып, ‘қазақ тілі қорланып жатыр’ деген әңгіме емес. Бұл – жеке бастың дауы», – деді депутат.

Оның айтуынша, жағдайға қатысты нақты бейнежазбалар жоқ, сондықтан нақты не айтылғанын білу мүмкін емес.

«Сол себептен, менің ойымша, Magnum да, қоғамдағы көп белсенділер де тек манипуляцияға алданып отырған сияқты», – деді ол.

Бейсенбаев бұл жағдайды саясиландыру арқылы көптеген адам жұмысынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

«Magnum – еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі. Қаншама қазақ жастары сол жерде жұмыс істеп жүр. Бұл – екі қазақтың арасындағы конфликт. Одан дау тудырып, ‘қазақ тілі қорланды’ деп айту – артық», – деді Мәжіліс депутаты.

Сөз соңында Елнұр Бейсенбаев БАҚ өкілдеріне де үндеу жасап, тексерілмеген, нақты дерегі жоқ ақпаратты таратпауға шақырды: «Баяғыда айтатын еді ғой: ‘самаурыннан су кетті десе, Самарқандты су алды’ деген. Сол әңгіменің пұшпағында кетудің қажеті жоқ. Қою керек ондай нәрсені», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселе Парламентте немесе бұқаралық ақпарат құралдарында талқылайтын дүние емес.

Дереккөз: @ztb_qaz

Tags: депутатМагнум
Алдыңғы пост

Қызылордада тағы 236 көпқабатты үйге ыстық су беріле бастайды

Келесі пост

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот басталады

Келесі пост
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот басталады

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот басталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі