• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Вторник, 24 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Мемлекеттік қызметші – қоғам назарының айнасы

Мемлекеттік қызметші – қоғам назарының айнасы

24.06.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
18
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қызылордада мемлекеттік қызметшілер марапат биігінен көрінді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

23 маусым күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған сала басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Аймақ басшысы әріптестерін мерекемен құттықтап, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы еңбектеріне алғыс білдірді.

“Баршаңызды Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елге адал қызмет ету, Отанды шексіз сүю, туған елдің дамуына аянбай үлес қосу – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті.
Егемен еліміздің алдындағы стратегиялық міндеттерді орындауда мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызметкерлерге артылған жауапкершілік жоғары.
Сіздер Қазақстанның жарқын болашағы жолында халық аманатын арқалап, уақытпен санаспай еңбек етіп, антқа адалдықтың, халыққа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетіп келесіздер.
Туған жеріміз – Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға қосқан зор үлестеріңіз үшін шынайы ризашылығымды, алғысымды білдіремін!
Бүгінде жаңа трансформация кезеңінде кәсіби әрі тиімді мемлекеттік аппарат құру бағытында мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау тетіктері жеңілдеді.
Бюрократиядан арылу, артық кедергілер мен тосқауылдарды жою, кадрлық резервті қалыптастыру, меритократия қағидатын енгізу, қызметтерді сандық форматқа көшіру мемлекеттік қызмет моделін қолжетімді әрі сындарлы диалогқа негіздеді.
Соның нәтижесінде өңірде мемлекеттік аппаратты оңтайландырып, әкімшілік шығындарды азайтып, басшылық құрам санын қысқарттық.
Президентіміздің Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құру жолындағы бастамалары мен тапсырмаларын аймағымызда сәтті жүзеге асырып, халық сенімінің үдесінен шыға берулеріңізге тілектеспін!
Баршаңыздың дендеріңіз сау, жақындарыңыз аман болып, отбасыларыңыздың бақ-берекесі арта берсін!”,-деді Н.Нәлібаев.

Мемлекеттік қызмет — ел игілігіне бағытталған абыройлы да жауапты қызмет. Мемлекеттік қызметші болу – тек кәсібилікті ғана емес, елге деген адалдықты, биік жауапкершілікті, әділет пен адамгершілікке деген берік ұстанымды қажет етеді.

Басқосуда халық пен билік арасындағы сенімді көпір болып, ел дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер марапат төрінен көрінді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Әбдіғаппар Әмірғалиұлы мен Қожахмет Ильясов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері», облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов, Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен марапатталды. Бірқатар азаматтарға Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметшілерлердің Ант беру рәсімі өтті.
Айта кетейік, бүгінде үш мыңнан астам мемлекет қызметші аймағымыздың қарышты дамуына елеулі үлес қосуда. Олардың
45 пайызы (1 471) — нәзік жандылар. Мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектердің 294-і басшылық лауазымды абыроймен атқаруда.
Кәсіби білігі жоғары, бәсекеге қабілетті, заманға сай жаңаша ойлайтын жастарға әрдайым орын бар. Өңірімізде 35 жасқа дейінгі 800-ге жуық жас мемлекеттік қызметші еңбек етуде.
Соңғы жылдары аймағымыздағы мемлекеттік басқару корпусының әлеуеті артып, қызметкерлер кәсіби білімін жетілдіруге ерекше көңіл бөлуде.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 24 мемлекеттік қызметші білім алса, 4-еуі «Болашақ» бағдарламасымен оқып, түлек атанды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Президенттік жастар кадрлық резерві бүгінде мемлекеттік басқару жүйесіне жоғары білімді, креативті мамандарды тартуға ерекше мүмкіндік беруде.

 

Алдыңғы пост

«Мейрамбекпен құда болғым келмейді»: Тоқтар Серіков өз ойын ашық айтты

Келесі пост

Діни желеумен адамдарды өлтіруге шақырған Шымкент тұрғыны сотталды

Келесі пост
Діни желеумен адамдарды өлтіруге шақырған Шымкент тұрғыны сотталды

Діни желеумен адамдарды өлтіруге шақырған Шымкент тұрғыны сотталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Ерлік– елге мұра, ұрпаққа үлгі
  • Сырдарияда ауыл әкімі өз-өзіне жер беру туралы шешім шығарған
  • Астанада Үкімет үйінің маңында жартылай жалаңаш билеген қыз қоғамның наразылығын туғызды
  • Алматыда екі адамды пойыз қағып, ажал құшты
  • Қазақстан ұшақтарына 6 елдің әуе кеңістігі жабылды

Соңғы пікірлер

  1. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  2. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  5. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Ерлік– елге мұра, ұрпаққа үлгі

Сырдарияда ауыл әкімі өз-өзіне жер беру туралы шешім шығарған

Астанада Үкімет үйінің маңында жартылай жалаңаш билеген қыз қоғамның наразылығын туғызды

Алматыда екі адамды пойыз қағып, ажал құшты

Қазақстан ұшақтарына 6 елдің әуе кеңістігі жабылды

Іле-Алатау ұлттық паркінде анасы мен баласы суға батып кетті

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі