• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Биылғы жол-көлік оқиғалары өткен жылға қарағанда екі есе артқан

Биылғы жол-көлік оқиғалары өткен жылға қарағанда екі есе артқан

Kaztoday.kz редакциясы qampor.gov.kz құқықтық статистика порталы жариялаған биылғы жылғы жол-көлік оқиғаларына шолу жасады.

17.12.2024
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
38
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

2024 жылы Қазақстанда жол-көлік оқиғалары (ЖКО) саны едәуір артып, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық көбейді. Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері 28374 ЖКО тіркелген, оның ішінде 1838-і өліммен аяқталған. Бұл – жалпы ЖКО-ның 6.48%-ын құрайды.

Жол апаттары бойынша өңірлердің көрсеткіші

Тіркелген апаттардың басым бөлігі Алматы қаласына (6155 ЖКО) тиесілі. Бұл елдегі барлық ЖКО-ның 22%-ын құрайды. Екінші орында Алматы облысы – 2921 оқиға (10%), үшінші орында Жамбыл облысы – 1799 (6%).

Аймақ Барлық ЖКО Өліммен аяқталған
Алматы қаласы 6155 65
Алматы облысы 2921 161
Жамбыл облысы 1799 32
Астана қаласы 1780 22
Шымкент қаласы 1416 73
Түркістан облысы 976 208

Түркістан облысы өлім-жітім көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда: ЖКО-ның 21.3%-ы өліммен аяқталған. Екінші орында Жетісу облысы – 14.1%, ал үшінші орында Қызылорда облысы – 11.9%.

Дүйсенбі — жол көлік оқиғаларының ең жиі тіркелетін күні

Жол апаттары ең көп тіркелетін күн – дүйсенбі. Апта күндері бойынша көрсеткіштер:

  • Дүйсенбі: 4273 оқиға

  • Сейсенбі: 4220 оқиға

  • Жұма: 4213 оқиға

  • Сәрсенбі мен бейсенбі: 4043 және 4039 оқиға

  • Сенбі мен жексенбі: ең аз көрсеткіш – 3904 және 3682 оқиға.

Тәулік уақыты бойынша жол апаттарының 71%-ы күндіз, 20%-ы қараңғы кезде, ал 10%-ы түнгі уақыттаорын алған.

Қаза тапқандардың дені 30 жастан асқандар 

Жол апатынан қаза тапқандардың жас санаттары келесідей бөлінді:

  • 30-39 жас: 19%

  • 40-49 жас: 18%

  • 60 жас және жоғары: 17%

  • 21-29 жас: 14%

  • 50-59 жас: 14%

  • 0-17 жас: 5%.

Апат салдарынан қаза тапқандардың басым бөлігі Алматы облысында (72 адам) және Түркістан облысында (44 адам) тіркелген.

Апаттардың негізгі себептері

Жол-көлік оқиғаларының басты себептері:

  • Тайғақ жабын: 811 оқиға

  • Жолдың тегіс еместігі: 121

  • Жолдың дағдылы еместігі мен ойымдар: 26 және 38 оқиға

  • Қауіпті аймақтарда қоршаудың болмауы: 4 оқиға

  • Жарықтандырудың жеткіліксіздігі: 71 оқиға.

Жол апатының ең көп тіркелетін ауа райы жағдайы – ашық күндер. 25272 оқиға ашық ауа райында орын алған. Ал бұлтты кезде – 1017, жаңбырлы уақытта – 883, қар жауған кезде 631 оқиға тіркелген.

2024 жылы жол-көлік оқиғаларының күрт артуы елдегі жол қауіпсіздігіне байланысты күрделі мәселелерді айғақтап отыр. Әсіресе, апаттардың көпшілігі адам өлімімен аяқталып, Түркістан, Жетісу және Қызылорда облыстары көш бастап тұр. Оқиғалардың негізгі себептері – жол сапасының төмендігі, жарықтандырудың жетіспеуі және жүргізушілердің жауапсыздығы.

Сарапшылардың пікірінше, жол инфрақұрылымын жақсарту, қауіпсіздікті күшейту және жүргізушілерге қойылатын талаптарды қатаңдату жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.

Tags: Жол апаттарыЖол апатына шолуЖол көлік оқиғалары
Алдыңғы пост

Қай өңірдің экономикалық даму көрсеткіші жоғары?

Келесі пост

Желтоқсан құрбандарына құран бағыштауға бара жатқан зейнеткерді полицейлер жібермей, бөлімшеге апарып қысым көрсеткен

Келесі пост
Желтоқсан құрбандарына құран бағыштауға бара жатқан зейнеткерді полицейлер жібермей, бөлімшеге апарып қысым көрсеткен

Желтоқсан құрбандарына құран бағыштауға бара жатқан зейнеткерді полицейлер жібермей, бөлімшеге апарып қысым көрсеткен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі