Хиджама маманы Асем есімді блогер оңтүстіктің қыздарына қатысты пікір айтып, әлеуметтік желі қолданушыларының талқысына түсті, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Блогердің сөзінше, Оңтүстік өңірдің арулары тек үй қызметшісі болу үшін тұрмысқа шығатын көрінеді.
”Оңтүстіктің, әсіресе Шымкенттің қыздары күйеуге үй қызметші болу үшін тиеді-ау деймін. Себебі, бәрі “келін деген құл емес” деп шағымданып жатады. Бірақ көп әйелдер күйеуге тиюін тиіп алады да, күйеуінің қасына жатқысы келмейді. Тірлігін істеп жүре береді. Кірін жуып, бала-шағасын жайғастырып, ыдысын жуып, ананы істеп, мынаны істеп, күйеуім тезірек ұйықтап қалса екен, жатын бөлмеге сосын кіремін деп өздері қашып жүреді. Негізі қыздар күйеуге тек ғана сол жыныстық қатынас үшін ғана тиеді. Басқа ешнәрсе үшін емес. Бала туу үшін емес. Баланы Аллаһ берсе туасың, бермесе, тумайсың. Үй, көлік алу, қыдыру, тамақ істеу үшін емес. Еркекке оның ешқайсысы керек емес. Қыдыратын болса, достарымен қыдыра береді. Тамақ жегісі келсе, дәмханаға бара салады. Кірін кір жуатын машина жуады. Ал әйелді еркек не үшін алады? Сол жыныстық қатынас үшін. Өзінің қуанышы, жанының тыныштығы үшін алады. Ал әйелдер содан қашады ғой. Әйелден тірлік істеу үшін ғана күйеуге тиеді деген тұжырымға келдім. Практикамда процедураға келген әйелдердің бәрі “мен күйеуіме бермей қойдым” дейді. Міндет қой олардікі. Ол ештеңе жоғалтпайды. Ол қаласа, ол нәрсені басқа жақтан ала салады. Бұл жерде сен жоғалтасың. Сенің психилогиялық, физиологиялық денсаулығың үшін ол нәрсе керек”, — дейді ол.
Жазбаға қолданушылар түрлі пікірлер қалдыруда.
“Оранып алып түрлі әңгіме айта беретін болды ғой”, “Ондай әйелдер оңтүстікте ғана емес, бүкіл елде бар«, деп жазды олар.