• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 27 сентября, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
Қазалыда «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының үздіктері анықталды

Қазалыда «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының үздіктері анықталды

11.09.2025
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
16
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қазалы ауданында қыркүйектің екінші жексенбісінде тойланатын Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының аудандық кезеңі мәресіне жетті. Сайыстың жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталып, елге үлгі болар шаңырақтар көпшілікке таныстырылды.

Мерейлі шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев қатысып, отбасылық құндылықтарды дәріптеп жүрген әулеттерге құрмет көрсетті.

– Бұл байқау елімізде 2014 жылдан бері үзбей өткізіліп келеді. Мақсаты – отбасының қоғамдағы орнын айшықтап, береке-бірлікті дәріптеу. Биыл Қазалы ауданынан 24 отбасы қатысуға ниет білдірді. Өткен жылдары біздің ауданнан шыққан Смағұловтар әулеті облыстық кезеңде жеңімпаз атанып, республикадағы үздік жиырма әулеттің қатарынан көрінгені баршаға белгілі. Мұндай өнегелі шаңырақтар – жас ұрпаққа берік тәрбие мен асыл құндылықты аманаттап отырған мақтанышымыз, – деді ол өз құттықтауында.

Сайысқа қатысқан отбасыларға «Берекелі отбасы», «Өнерлі отбасы», «Бақытты отбасы», «Зияткер отбасы» сынды арнайы номинациялар беріліп, естелік сыйлықтар табысталды.

Биылғы байқаудың бас жүлдесі Әйтеке би кентінің Құмарбаевтар отбасына бұйырды. І орынды – Балтөреевтер әулеті (Өркендеу ауылы), ІІ орынды – Бердалиевтер отбасы (Майдакөл ауылы), ІІІ орынды – Жақсылықовтар әулеті (Жанқожа ауылы) иеленді. Бас жүлде мен бірінші орын иегерлері облыстық кезеңге жолдама алып, Қызылорда қаласында өтетін сайыста бақ сынайтын болды.

Салтанатты марапаттау рәсімі аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасып, ән мен күйден шашу шашылды. Көпшілік шат-шадыман көңіл-күйде тарқасты.

Қазалы өңірінде отбасы институтын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Көпбалалы жанұяларға мемлекет тарапынан жәрдемақы төлемдері өсіп, ана мен балаға көрсетілетін әлеуметтік қолдау көлемі артуда. Бүгінде ауданда 694 «Алтын алқа» иегері, 1152 «Күміс алқа» иегері және 3,5 мыңнан аса көпбалалы отбасы бар.

Алдыңғы пост

Қоғамдық қауіпсіздік үшін: Қызылордада полицейлер жаңа талапты түсіндірді

Келесі пост

Қызылордада Жолдауды жүзеге асыруға байланысты маңызды шаралар талқыланды

Келесі пост
Қызылордада Жолдауды жүзеге асыруға байланысты маңызды шаралар талқыланды

Қызылордада Жолдауды жүзеге асыруға байланысты маңызды шаралар талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

seven − 3 =

Соңғы жаңалықтар

  • ҰҚК мен ІІМ бірлескен операциясы: 29 адам ұсталды
  • Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты
  • «Шалқия» кен орны: ірі инвестормен келіссөз жүріп жатыр
  • Алтын адамның киімін қалпына келтірген этнодизайнер Астанада шаштараз болып жұмыс істеп жүр
  • Денсаулық сақтау министрі өз ағзаларын донорлыққа беруге рұқсат етті

Соңғы пікірлер

  1. Нурсулу Темирбаева к Медицина қызметкері – адам өмірінің арашасы
  2. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  3. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  4. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚК мен ІІМ бірлескен операциясы: 29 адам ұсталды

Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

«Шалқия» кен орны: ірі инвестормен келіссөз жүріп жатыр

Алтын адамның киімін қалпына келтірген этнодизайнер Астанада шаштараз болып жұмыс істеп жүр

Денсаулық сақтау министрі өз ағзаларын донорлыққа беруге рұқсат етті

Нұрлыбек Нәлібаев Roca Group өкілдерімен Қызылордадағы зауыт жобасын талқылады

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі