• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 14 сентября, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
Қармақшы ауданы Ақай ауылында спорт кешеніне қатысты дау

Қармақшы ауданы Ақай ауылында спорт кешеніне қатысты дау

14.09.2025
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
14
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қармақшы ауданының Ақай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысына қатысты мәселе әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жергілікті тұрғын, белсенді Бибігүл Жұмағұлова өзінің жеке Facebook парақшасында https://www.facebook.com/share/p/19p52TKuqb/ аталған кешеннің бүгінгі жағдайына қатысты жазба жариялап, «салтанатты түрде ашылған нысан бүгінде қара құлыпта тұрған жоқ па?» деген сауал тастады.

Жазба астына пікір қалдырған ауыл тұрғындары да өз ойларын ортаға салды. Кейбірі спорт кешенінде үйірмелер тоқтап қалғанын айтса, енді бір бөлігі ғимаратқа басшы тағайындалмағандықтан қараусыз қалғанын алға тартты. Сонымен бірге:

«Ашылу салтанатында әр спорт мектептен жабдықтар тасылды»,

«Балалар қыркүйек басталса да үйірмелерге бара алмай отыр»,

«Спорт кешені халық игілігіне жұмыс істемесе, құрылған қаржының зая кеткені», – деген пікірлер де жазылды.

Аталған сауалдарға қатысты Қармақшы аудандық спорт және туризм бөлімі ресми жауап берді. Мекеме мәліметінше, Ақай ауылындағы спорт кешені жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда онда таеквондо, самбо және қол күресі үйірмелері ұйымдастырылып, жасөспірімдер тұрақты түрде жаттығып жүр. Алдағы уақытта өзге де спорт түрлері ашылатыны хабарланды.

Дегенмен әлеуметтік желідегі пікірлерге қарағанда, тұрғындардың күдігі әлі де сейіле қойған жоқ. Қоғам тарапынан қойылған сауал – жаңа нысанның толыққанды әрі тұрақты түрде жұмыс істеуі.
Жергілікті билік тарапынан нақты іс-шаралар қолға алынса, спорт кешенінің есігі ауыл балаларына айқара ашылып, халықтың сенімі де арта түспек.

 

 

Алдыңғы пост

Қызылордалық қыз Грузияда клиникаларды алдаған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қармақшы ауданы Ақай ауылында спорт кешеніне қатысты дау
  • Қызылордалық қыз Грузияда клиникаларды алдаған
  • Қазалыда әскери бөлім қызметкерлері құрметке бөленді
  • Қызылордада Жолдауды жүзеге асыруға байланысты маңызды шаралар талқыланды
  • Қазалыда «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының үздіктері анықталды

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Қармақшы ауданы Ақай ауылында спорт кешеніне қатысты дау

Қызылордалық қыз Грузияда клиникаларды алдаған

Қазалыда әскери бөлім қызметкерлері құрметке бөленді

Қызылордада Жолдауды жүзеге асыруға байланысты маңызды шаралар талқыланды

Қазалыда «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының үздіктері анықталды

Қоғамдық қауіпсіздік үшін: Қызылордада полицейлер жаңа талапты түсіндірді

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі