Қаржылық мониторинг агенттігі жалған стоматологиялық клиникалардың иелерін іздестіруде.
Іздеуде жүргендер:
Дүйсенов Аслан Қамбарұлы, 1992 жылы туған
Иманбаев Габбас, 1998 жылы туған
Елешев Есимхан Баяндиевич, 1987 жылы туған
Аталған тұлғалар 46 миллиард теңгеден астам қаражатты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схема ұйымдастырған деген күдікке ілінді. Олар тіс емдеу қызметі көрсетілгендей етіп жалған медициналық құжаттар рәсімдеген.
Күдіктілер Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Тергеу мәліметінше, бұл клиникалар іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетпеген.
Қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылған. Айыпталушылардың бірі, Дүйсенов Аслан, бұрын полиция қызметкері болған, бірақ теріс себептермен жұмыстан шығарылған. Бұған дейін ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталған.
Іздеуде жүргендердің жүрген жері туралы білетіндер болса, Агенттікке +7 (7172) 70 84 78 нөміріне хабарласуы сұралады.
Анонимдік пен сыйақыға кепілдік беріледі.
Call-center: 1458