• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 19 апреля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Экономика
AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда цифрлық жоба бастау алды.

AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда цифрлық жоба бастау алды.

19.04.2026
айдар: Экономика
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
11
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін AMANAT партиясы Қызылорда облыстық филиалының қолдауымен Байқоңыр қаласы цифрлық білім беру саласын дамытуға бағытталған маңызды кездесу өтті. Жиын барысында өңірдегі IT экожүйесін дамытуға серпін беретін жаңа әріптестік бастамасы жарияланды.
Кездесу аясында партияның «Цифрлық қоғам» жобасы шеңберінде Astana Hub автономды кластерлік қорының Қызылорда қаласындағы филиалы мен Байқоңыр қаласындағы IT-куб цифрлық білім беру орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған құжаттың басты мақсаты – білім беру және ғылым салаларындағы өзара байланысты күшейту, заманауи технологиялар бағытында тәжірибе алмасу, сондай-ақ IT саласында білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Бұл бастама жастардың цифрлық білімге қолжетімділігін арттырып, олардың еңбек нарығындағы сұранысқа ие маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Оның айтуынша, қазіргі кезеңде цифрлық трансформация – уақыт талабы. Сондықтан «Цифрлық қоғам» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан мұндай нақты бастамалар жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
– Біз үшін ең маңыздысы – жас ұрпақтың сапалы білім алып, заманауи IT саласында өз орнын табуына жағдай жасау. Бүгінгі меморандум – сол мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыстың нақты көрінісі. Байқоңыр қаласында қолға алынған бұл бастама тек құжат жүзінде қалып қоймай, ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталған стратегиялық әріптестіктің бастамасы болады. Алдағы уақытта партия тарапынан жастарды қолдау және олардың әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады, – деді Жандос Базартай.
Меморандум аясында тараптар білім беру және ғылыми әлеуетті тиімді пайдалану, жаңа буын оқыту стандарттарын енгізу, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми жобаларды іске асыру және оқу үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу бағытында бірлесіп жұмыс жүргізеді.
Сондай-ақ серіктестік аясында оқушылар мен жастарға арналған IT курстар, цифрлық сауаттылықты арттыру бағдарламалары, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік семинарлар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде өңір жастарының технологиялық бағыттағы білімін тереңдетіп, олардың кәсіби дамуына жаңа серпін береді.
Мамандардың пікірінше, мұндай жобалар өңірдегі адами капиталдың сапасын арттырып қана қоймай, инновациялық кәсіпкерліктің дамуына да оң ықпал етеді. Әсіресе Байқоңыр секілді стратегиялық маңызы бар қалада IT саласын дамыту – уақыт талабынан туындаған маңызды қадамдардың бірі.
Алдағы уақытта AMANAT партиясы қолдауымен аталған әріптестік негізінде бірқатар тиімді жобалар жүзеге асырылады деп күтілуде. Бұл бастамалар Қызылорда өңірінің цифрлық әлеуетін арттырып, IT саласының жаңа деңгейге көтерілуіне тың серпін бермек.

Алдыңғы пост

Қызылордада өткен «AMANAT IDEATHON» хакатонында үздік жобалар анықталды

Келесі пост

AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда таеквондодан республикалық турнир басталды

Келесі пост
AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда таеквондодан республикалық турнир басталды

AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда таеквондодан республикалық турнир басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда таеквондодан республикалық турнир басталды
  • AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда цифрлық жоба бастау алды.
  • Қызылордада өткен «AMANAT IDEATHON» хакатонында үздік жобалар анықталды
  • ҚМДБ ескертті: Ислам мен имамдарды қорлағандар жауапқа тартылады.
  • «AMANAT» партиясы депутаттары Қызылордадағы құрылыс алаңдарын аралады.

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда таеквондодан республикалық турнир басталды

AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда цифрлық жоба бастау алды.

Қызылордада өткен «AMANAT IDEATHON» хакатонында үздік жобалар анықталды

ҚМДБ ескертті: Ислам мен имамдарды қорлағандар жауапқа тартылады.

«AMANAT» партиясы депутаттары Қызылордадағы құрылыс алаңдарын аралады.

Қызылордада «AMANAT:TULGALAR» жобасы басталды: алғашқы кездесу Сайлаубай Әбішұлымен өтті

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі