• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Понедельник, 14 сентября, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Экономика
Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі құрылыс нысандарын аралап, жұмыс сапасын бақылауға алды

Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі құрылыс нысандарын аралап, жұмыс сапасын бақылауға алды

21.04.2026
айдар: Экономика
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
9
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Іссапар барысында кент аумағында салынып жатқан ойын және спорт алаңдары, жол жөндеу нысандары мен тұрғын үй секторындағы абаттандыру жұмыстары назарға алынды.
Алдымен аудан басшысы Р.Сабырбаев көшесінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жол жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Мердігер мекеме өкілдерімен кездескен ол жол құрылысының талапқа сай орындалуына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ салаға жауапты орынбасарына барлық жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Биыл аудан орталығында жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасады. Атап айтқанда, С.Сейфуллин, Біржан сал, Жалаңтөс батыр, Ж.Аймауытов, М.Шоқай және С.Сүлейменов көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл бастамалар тұрғындардың қатынасын жеңілдетіп, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Бұдан кейін аудан әкімі кенттегі спорт нысандарының жай-күйімен танысты. Бұған дейін берілген тапсырмаларға сәйкес, қазіргі таңда Әйтеке би кентінде екі жаңа спорт алаңының құрылысы басталып, тағы екі алаңға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үй аймағындағы А.Әсербаев пен Ж.Құдабаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан жаңа спорт алаңын аралады. Сонымен қатар Михайлюк көшесі бойында жөнделіп жатқан спорт алаңының жұмысымен танысып, мердігерлерге нысандарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Әкім жаңа ойын алаңдарын 1 маусымға дейін толық аяқтап, ел игілігіне беруді міндеттеді. Сонымен бірге кент әкіміне жаңа спорт алаңдарын бейнебақылау камераларымен жабдықтап, түнгі жарық жүйесін орнату жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.
Іссапар аясында аудан басшысы Желтоқсан және В.Счастнов көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында салынып жатқан қоғамдық әжетханалардың құрылысымен де танысты. Бұл мәселе бұған дейін жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген болатын. Сонымен қатар тұрғындар үйлердің қасбетін жөндеу, шатырын жаңарту, қоқыс контейнерлерін орнату және кәріз суын төгетін арнайы орындар салу қажеттігін жеткізген еді.
Қазіргі таңда аталған мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып, кенттің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аудан басшысы барлық бастамалардың сапалы орындалуы тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырудағы басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Алдыңғы пост

Шиеліде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық экологиялық акция өтті

Келесі пост

АЙМАҚТА HARVEST AGRO АГРОИНДУСТРИАЛДЫ КЛАСТЕРІН ҚҰРУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Келесі пост
АЙМАҚТА HARVEST AGRO АГРОИНДУСТРИАЛДЫ КЛАСТЕРІН ҚҰРУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

АЙМАҚТА HARVEST AGRO АГРОИНДУСТРИАЛДЫ КЛАСТЕРІН ҚҰРУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

11 − seven =

Соңғы жаңалықтар

  • Алтын адамның киімін қалпына келтірген этнодизайнер Астанада шаштараз болып жұмыс істеп жүр
  • Денсаулық сақтау министрі өз ағзаларын донорлыққа беруге рұқсат етті
  • Нұрлыбек Нәлібаев Roca Group өкілдерімен Қызылордадағы зауыт жобасын талқылады
  • «Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек»: Қарағандылық мұғалімнің жазбасы дауға қалды
  • ҚМДБ Білім министрлігінің орамал саясатына қарсы шықты: «Діни үкім өзгермейді»

Соңғы пікірлер

  1. Нурсулу Темирбаева к Медицина қызметкері – адам өмірінің арашасы
  2. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  3. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  4. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Алтын адамның киімін қалпына келтірген этнодизайнер Астанада шаштараз болып жұмыс істеп жүр

Денсаулық сақтау министрі өз ағзаларын донорлыққа беруге рұқсат етті

Нұрлыбек Нәлібаев Roca Group өкілдерімен Қызылордадағы зауыт жобасын талқылады

«Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек»: Қарағандылық мұғалімнің жазбасы дауға қалды

ҚМДБ Білім министрлігінің орамал саясатына қарсы шықты: «Діни үкім өзгермейді»

«Шариғатта алимент жоқ»: науқас баланың әкесі сот шешімін орындаудан бас тартқан

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі