• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 19 апреля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Руханият
Шиеліде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық экологиялық акция өтті

Шиеліде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық экологиялық акция өтті

19.04.2026
айдар: Руханият
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қызылорда облысының Шиелі ауданы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты кең көлемді жалпыхалықтық тазалық акциясы ұйымдастырылды. Игі шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бағдарламаны іске асыру және өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев тапсырмаларын орындау мақсатында өткізілді.
Шиелі ауданы – тарихи тамыры терең, мәдени мұрасы бай өңірлердің бірі. Аудан аумағында мемлекеттік қорғауға алынған 49 тарихи-мәдени мұра нысаны орналасқан. Оның ішінде 3 ескерткіш республикалық маңызға ие болса, 28 нысан жергілікті маңызы бар мұралар қатарына жатады. Сонымен бірге, 18 тарихи нысан арнайы мұралар тізіміне енгізілген. Бұл деректер ауданның мәдени-тарихи әлеуетінің жоғары екенін аңғартады.
Өңірдегі ең көне жәдігерлердің бірі – Сауысқандық шатқалы аумағындағы жартастағы бейнелер. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл құнды мұралар біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтан сыр шертеді. Ал Оқшы ата кесенесі – ел тарихындағы киелі орындардың бірі саналады. Мұнда Оқшы ата, Асан ата, Есабыз әулие, Ғайып ата, Бала би, Досбол би, Қыш ата секілді ел жадында сақталған тұлғалар мәңгілік тыныс тапқан.
Осындай қасиетті орындардың қадір-қасиетін арттыру, олардың тазалығы мен көркін сақтау мақсатында акция барысында киелі нысандар мен көпшілік зиярат ететін зираттар аумағында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ағаш көшеттері отырғызылып, қоршаулар ретке келтірілді, жолдар тазартылып, жөндеу жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ көгалдандыру, санитарлық тазалық және аумақтарды көркейту шаралары қатар атқарылды.
Жалпыұлттық бастамаға Айтбай Жандарбеков, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің өкілдері, зиялы қауым мүшелері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар белсенділері мен жастар ұйымдары қатысып, ортақ іске жұмылды. Бұл шара тұрғындардың туған жерге жанашырлығы мен тарихи орындарға деген құрметін көрсетті.


Акция аясында аудан бойынша қасиетті орындар мен зираттардың аумағын тазалау жұмыстарына екі мыңнан астам тұрғын белсенді атсалысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар бір реттік науқанмен шектелмей, алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаның тазалығы ғана емес, ол ой-сана тазалығы мен рухани мәдениеттің көрінісі. Осы тұрғыдан алғанда, Шиеліде өткен акция табиғатты аялау мен ата-баба рухына тағзым етуді ұштастырған тағылымды шара ретінде көпшілік көңілінен шықты.

Алдыңғы пост

CЫР ӨҢІРІНДЕ «ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» АТТЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шиеліде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық экологиялық акция өтті
  • CЫР ӨҢІРІНДЕ «ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» АТТЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
  • AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда таеквондодан республикалық турнир басталды
  • AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда цифрлық жоба бастау алды.
  • Қызылордада өткен «AMANAT IDEATHON» хакатонында үздік жобалар анықталды

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Шиеліде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық экологиялық акция өтті

CЫР ӨҢІРІНДЕ «ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» АТТЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда таеквондодан республикалық турнир басталды

AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда цифрлық жоба бастау алды.

Қызылордада өткен «AMANAT IDEATHON» хакатонында үздік жобалар анықталды

ҚМДБ ескертті: Ислам мен имамдарды қорлағандар жауапқа тартылады.

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі