• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 26 апреля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
AMANAT партиясы қолдауымен Қызылордада жас велоспортшылар жарысы басталды

AMANAT партиясы қолдауымен Қызылордада жас велоспортшылар жарысы басталды

26.04.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
14
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

AMANAT партиясы бастамаларын қолдау аясында Қызылорда қаласында тас жолдағы велоспорттан 15–16 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар арасында республикалық жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Байрақты бәсеке Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Марат Қуанбайұлы Сатыбалдиев жүлдесіне арналды.
Еліміздің түрлі өңірлерінен жиналған жас спортшылардың басын қосқан додаға Қазақстанның тоғыз аймағынан 110 спортшы қатысуда. Бірнеше күнге созылатын жарыста жасөспірімдер өзара шеберлік сынасып, үздіктер анықталады. Мамандардың айтуынша, мұндай республикалық деңгейдегі жарыстар жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына, бәсекелік рухын шыңдауына және кәсіби спортқа қадам басуына үлкен мүмкіндік береді.


Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ұйымдастырушылар мен құрметті қонақтар бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жас буынның спортқа қызығушылығын арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Әсіресе соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөлініп, өңірлерде спорт инфрақұрылымын жаңғырту, ауылдық елді мекендерде жаңа спорт нысандарын салу, қолданыстағы кешендерді жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Сондай-ақ жастардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау, дарынды спортшыларды ерте кезеңнен қолдау және халықаралық жарыстарға дайындау бағытындағы жұмыстардың маңызына тоқталды. Бұл ретте велоспорт секілді төзімділік пен жоғары дайындықты талап ететін спорт түрлерін дамыту – ел спортының әлеуетін арттыруға ықпал ететіні айтылды.
Қызылорда төрінде өтіп жатқан жарыс – тек жеңімпаздарды анықтайтын дода ғана емес, жас спортшылардың өзара тәжірибе алмасып, жаңа белестерге ұмтылуына жол ашатын маңызды алаң. Осындай бәсекелерден болашақ чемпиондар өсіп шығатыны сөзсіз.
Жарысқа қатысушы барлық спортшыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз.

Алдыңғы пост

«AMANAT HEALTH» – өңір денсаулығына серпін беретін бастама.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • AMANAT партиясы қолдауымен Қызылордада жас велоспортшылар жарысы басталды
  • «AMANAT HEALTH» – өңір денсаулығына серпін беретін бастама.
  • Қызылордада «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында өңір дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды
  • «AMANAT» партиясында жол қауіпсіздігін күшейту мәселесі көтерілді
  • Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі құрылыс нысандарын аралап, жұмыс сапасын бақылауға алды

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

AMANAT партиясы қолдауымен Қызылордада жас велоспортшылар жарысы басталды

«AMANAT HEALTH» – өңір денсаулығына серпін беретін бастама.

Қызылордада «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында өңір дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды

«AMANAT» партиясында жол қауіпсіздігін күшейту мәселесі көтерілді

Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі құрылыс нысандарын аралап, жұмыс сапасын бақылауға алды

Шиеліде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық экологиялық акция өтті

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі